Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

1381665
Түрік баспасөзіне шолу

Стар газеті президенттің сөздеріне орын берген. Президент Режеп Тайып Ердоған коронавирустың жаңа түрімен күресіп жатқан медицина қызметкерлеріне алғыс айтты. Ердоған жазбасында “Коронавируспен күресте мақтауға тұратын пидақорлықпен және сабырмен міндетін атқарған барша медицина қызметкерлеріне алғыс айтамын” деді. 

Сабах газеті “Жылдам диагноз қоятын тест жүргізіледі” деген хабар жариялаған.  Денсаулықты сақтау министрі Фахреттин Кожа Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінде сөйлеген сөзіне коронавирусты анықтау үшін бүгіннен бастап жаңа тест қолданылатынын айтты. Жаңа тесттің жылдам диагноз қамдайтынын білдірген министр “Күніне 10-15 мың тест жасауды мақсат етіп отырмыз” деді. 

Йени Шафак газеті “Еуропа медицина жүйесі қирады, Түркиядан реанимация төсегін сұрап жатыр” деген хабар жариялаған.  Әлем көлемінде жылдам тараған коронавирус елдердің медицина жүйесіне де әсер етуде. Себебі елдерде реанимация жабдықтары мұқтаждығы бар. Реанимация әлеуеті жеткіліксіз елдер тез арада осы мүмкіндіктерін арттыру үшін қадам басуда. Сала өкілдері Түркияда өндірілген реанимация төсектеріне Италия секілді елдерден сұраныс келіп жатқанын білдірді. 

Хүрриет газеті “Венгрия Түркияны босқын тақырыбында келісуге шақырды” деген хабар жариялаған. Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Венгрия Сыртқы істер және сыртқы сауда министрімен телеконференция арқылы сөйлесті. Венгр министр әңгімеден кейін баспасөз мәслихатын ұйымдастырып, “Еуропа Одағы мен Түркия арасында жаңа келісім жасалуы керек” деді. 

Ватан газеті спорт хабарына орын берген.  Жастар және спорт министрі Мехмет Мухаррем Касапоғлу “Гентбол, волейбол, баскетбол және футбол лигаларының эпидемияға қарсы шаралар шеңберінде кейінге қалдырылуына шешім берілді” деді. 


 



Ұқсас жаңалықтар