Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер аймақтық және әлемдегі кейбір жаңалықтарға орын берген.

1381047
Түрік баспасөзіне шолу

Хүррийет газеті «Ердоған: 2 айлық шыдау мерзімін ең мықты түрде өткіземіз» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда президент Режеп Тайып Ердоғанәсіресе соңғы 17 жылдың ішінде Түркияның негізгі қызмет салалары мен инфрақұрылымында жүзеге асырған үлкен өзгеріс арқасында бүкіл әлемге ықпал еткен коронавируспен дайын түрде күрескенін атап көрсетті. Ердоған «Бұл қиын мерзімді одан да күшейіп, өткізетінімізге шын жүректен сенемін» деді.

Хабер түрік газеті «Түркия бұл кезеңнен ең тиімді түрде шығады» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Қазына және қаржы министрі Берат Албайрак коронавирус эпидемиясына қарсы 100 миллиард лиралық қаржылай қолдау пакетіне бағынатындарын білдірді. Басылатын бұл қадаммен үкімет жұмысшыларды қорғап, негізгі кәсіптік салалар мен кәсіпорындарды сақтандырады. Қажет жағдайда жаңа пакеттерді іске қосатындарын жариялаған министр Албайрак «Құдай қаласа кезеңді дұрыс басқарып, экономикалық тұрғыдан кезеңнен ең тиімді түрде шығатын елдер арасында орын аламыз» деді.

Йени Шафак газеті «26 ел Түркиядан коронавирусқа қарсы күресте жәрдем сұрады» атты хабар жариялады.Хабарға қарағанда коронавирусэпидемиясын алдын алудағы табысымен мақтау жинаған Түркияға көптеген елден жәрдем мен қолдау келді. Қазірге дейін кейбір Еуроодақ елдерінен бастап араларында Қытай, Иран, Болгария, Грузия да бар 26 ел медициналық жабдықтар мен кәсіби қолдау сұрады.

Ватан газеті «Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымынан қуантатын жаңалық» атты хабар жариялаған.Хабарға қарағанда Бүкіләлемдік Денсаулық сақтау ұйымытөрағасы Тедрос Адхоном Гебрейесус жаңа типтегі коронавирусқа қарсы вакцинаның алғашқы сынақтарының басталғанын жариялады. Женевада болып өткен баспасөз жиналысында мәлімдеген Гебрейесус қиялға қонбайтын бір жылдамдықпен вирустың генетикалық тізімінің шығарылуынан 2 ай өткен соң «Covid-19»-ға қарсы вакцинаның алғашқы сынақтарының басталғанын жариялады.

Стар газеті «Екі елмен шекара қақпалары кіріс-шығысқа жабылды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Түркия Эдирне және Кыркларелінен Грекия мен Болгарияға ашылған құрлық пен темір жолы шекараларын кіріс-шығысқа жапты. Грекия мен аралдарынан Түркияға теңіз жолы арқылы жасалған жолаушы тасымалдау қызметі екі жақты уақытша тоқтатылды.



Ұқсас жаңалықтар