Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер аймақтық және әлемдегі кейбір жаңалықтарға орын берген.

1367469
Түрік баспасөзіне шолу

Хабер түрік газеті «Ердоған: Асадқа берген мерзім аяқталуда» атты хабар жариялаған.Хабарға қарағанда президент Режеп Тайып ЕрдоғанСирияның Идлиб аймағы тақырыбында нақты хабарламалар жасады. Сочи келісіміне бағынбаған Башар Асадқа ‘берілген мерзім аяқталуда’ деген Ердоған Идлибте еш кері шегінбейміз. Режимді белгіленген шекаралардың аржағына шығарамыз» деді.

Хүррийет газеті «Латындардың Түркияға деген қызығушылығы Түрік Әуе жолдарының назарын аударды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда латындықтардың Түркияға деген қызығушылығы Түрік Әуе жолдары (ТӘЖ) тарапынан болымды қарсы алынды. ТӘЖ өткен жылдың тамыз айы басында басталған Мексика рейстерінің санын арттыруға шешім қабылдады. ТӘЖ аптасына 3 рет ұшқан Стамбул – Мексико-сити – Джанджун-Стамбул рейстері 8 маусым күнінен бастап, аптасына 4-ке шығады. ТӘЖ Мексика желісінде жылына 100 мың жолаушы тасымалдауды жоспарлайды.

Ватан газеті «Түркияның үшінші бұрғылау кемесі елге қарай бет алды» атты хабар жариялаған.Хабарға қарағанда Энергия министрі Түркияның 3-ші бұрғылау кемесінің Ұлыбританиядан жолға шыққанын білдірді. Министр Дөнмез твиттерден жасаған мәлімдемеде «Құрметті президентіміз сүйінші берді, 3-ші бұрғылау кемеміз жолға шықты. Ұлтымыздың қолдауымен 3-ші кемеміз елімізге қарай бет алды. Елімізге құт әкелсін» деді.

Сабах газеті «Тапсырыстар Түркияға келеді» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Қытайдың Ухан қаласында ортаға шыққан коронавирус індеті себепті елде тоқтауға жеткен өндіріс пен вирус уайымы маркаларды альтернативті өндіріс нарықтарына итермелеуде. Өнеркәсіп және технология министрі Мұстафа Варанк тақырыппен байланысты мәлімдемесінде Қытайдан сатып алынған тауарлардың бір бөлімінің Түркияға келетінін білдірді.

Стар газеті «Түркия табысты елдер лигасының алдыңғы қатарлы елдері арасында орын алады» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда президенттік аппараттың стратегиялық экономика мен бюджетке жауапты төрағасы Наджи Ағбал Түркияның келешекте жаһандық табысты елдер лигасының алдынғы қатарлыларының бірі болатынын атап көрсетті. Байлық аймақтарының өзгергенін және дамыған АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Италия және Канаданың жаһандық табыс көзі үлестерінің азайғанын атап көрсеткен Ағбал жаңадан жұлдызы жанған Түркия, Қытай, Үндістан, Бразилия, Оңтүстік Африка сияқты елдердің алдағы уақытта бүкіләлемдік сауда саласында одан көп үлес алатынын мәлімдеді.



Ұқсас жаңалықтар