Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер аймақ және әлем  жаңалықтарына орын берген.

1365770
Түрік баспасөзіне шолу

Стар газеті «Ливия сыртқы істер министрі: Түркия жай халықты қорғау үшін елімізде» деген хабарға орын берді. Газет Ливия ұлттық келісім үкіметі сыртқы істер министрі Мұхаммед эт-Тахир Сейяленің Түркия жайлы мәлімдемесіне орын берді. Газеттің хабарына қарағанда Мұхаммед эт-Тахир Сейяле Түркияның астана Триполидегі жай халықты қорғау үшін елінде болғанын түсіндіріп, «Егер Түркия болмаса, онда қазіргі жағдайымыз қиын болушы еді. Түркия Ливиядағы тепе-теңдікті сақтауда» деді.

Йени Шафак газеті «Туризмде 2020 жылын рекордпен бастады» атты тақырып қолданды. Газет туризмде 2019 жылын рекордпен жапқан Түркияның шетелдік туристті күтіп алуда тарихтың ең жоғарғы деңгейіне жеткенін жазды. Газеттің хабарына қарағанда Мәдениет және туризм министрлігінен жасалған мәлімдемеге қарағанда 2020 жылының қаңтар айында Түркияға 1 миллион 787 мың 435 шетелдік турист келді. Өткен жылмен салыстырғанда шетелдік турист санында 16,11 пайыздық арту болды. Осылайша Түркия шетелдік туристті күтіп алуда тарихтың ең жоғарғы деңгейіне жетті.

Хүрриет газеті хабарын «Түрік туризмі келесі жылдары тіпті жақсы болады» деген тақырыбымен берді. Газет Бүкіләлемдік туризм ұйымы төрағасы Гуньтер Ихлав түрік туризмінің келесі жылдары тіпті жақсы болатынын айтқанын жеткізді. Газеттің хабарына қарағанда Ихлав Түркияның соңғы 20 жылда туризм саласында қатты дамығанын білдірді. Түркияның аспаны ашық, теңіздері мөп-мөлдір, табиғаты сұлу және тарихының бай екенін баяндаған Ихлав бұның әлемде теңдесінің жоқ екенін айтты.

Ватан газеті «Киім алпауыты Түркияны таңдады» атты хабарға орын берді. Газеттің хабарына қарағанда киім секторы алпауыты Primark-тің қожайыны Джон Басон коронавирус індеті салдарынан Қытайдан импорт етілген киім бұйымдары тоқыраған жағдайда Түркиядағы секторлармен кездесетінін мәлімдеді. Қытайда инвестиция салған халықаралық дайын киім фирмалары коронавирус қаупі себепті түрік фирмаларымен кездесе бастады.

Хабер Түрік газеті «Шара Түркияда болуы мүмкін» деген тақырып қолданды. Газеттің түрік ғалымы профессор, дәрігер Ибрахим Бентер өндірген «‘ACE2/Angiotensin-(1-7)» атты жүйесімен Қытайда басталған және қысқа уақыт ішінде барша әлемге таралған жаңа типті коронавирустың  (Сovid-19) емделуге болатынын айтты. Бентер тапқан жүйесінің қазір науқастарға ем болатын ең ықпалды метод екенін білдірді.

 



Ұқсас жаңалықтар