Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды хабарларға орын берген.

1357861
Түрік баспасөзіне шолу

Йени Шафак газеті президент Ердоғанның сөздеріне орын берген. Хабарға қарағанда, президент Режеп Тайып Ердоған Сирияда түрік әскери бақылау бекетіне жасалған шабуыл туралы: «Асад әкімшілігі Идлибте қиратылды.  Бірақ бұл жетпейді,  тағы да жалғастырамыз. Себебі олар біздің түрік әскерімізге шабуылдаған сайын,  ауыр құн төлейді» деді.

Хүрриет газеті Сыртқы істер министрінің сөздеріне орын берген. Сыртқы істер министір Мевлүт Чавушоғлу «Сирияда Асад әкімшілігінің кепілгерлері- Ресей мен Иран Асад күштерінің шабуылдарын тоқтатуы керек» деді.

Стар газеті Түркиядағы мұнай бастамаларына орын берген.  Энергия және табиғи ресурстар министрі Фатих Дөнмез Түркияның мұнай индустриясында отандық жұмыстарын жылдамдататындарын білдірді. «Түркия Мұнайлары акционерлік қоғамы қолданған технологияны толығымен отандық қыламыз. Мемлекеттік және жеке меншік сектордың ынтымақтастығымен мұнай индустриясын әлемде лидерлер қатарына енгіземіз» деді ол.

Сабах газеті Түрік Әуе жолдары жөнінде бір хабар жариялаған.  Еуропа Авиация ұйымы тарапынан жарияланған 2019 жылдың есебіне қарағанда түрік авиакомпаниясы бір күнде 1331 ұшу игеріп, Еуропада ең көп ұшқан үшінші авиакомпания атанды.

Хабер Түрік газеті туризм хабарына орын берген.  Хабарға қарағанда, Түркия Бүкіләлемдік Туризм ұйымы деректеріне сай 2019 жылы 52,5 миллион турист санымен әлемде алтыншы орын алды.  Бірінші кезекте 90 миллионнан астам турист санымен Франция келеді.



Ұқсас жаңалықтар