Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер аймақтық және әлемдегі кейбір жаңалықтарға орын берген.

1347996
Түрік баспасөзіне шолу

Хүррийет газеті «Ердоғаннан Элазығ зілзаласымен байланысты мәлімдеме» тақырыпты хабар жариялаған.Хабарға қарағанда президент Режеп Тайып Ердоған кеше Алжир сапары алдында Стамбул Ататүрік әуежайында баспасөзге мәлімдеме жасады. Ердоған Элазығ зілзаласымен байланысты соңғы жағдай туралы маңызды мағлұматтар бөлісіп, «Мемлекетіміз зілзала болған кезден бастап, барлық мекеме және мүмкіншіліктерімен азаматтарымызға көмектесті» деді.

Йени Шафак газеті «Вице-президент Фуат Октай: Аймақта жұмыстарды білікті және тәжірибелі мамандар жүргізуде» атты хабар жариялаған.Хабарға қарағанда вице- президент Фуат Октай жер сілкінісінің артынан Түркия Төтенше жағдайлар және апатпен күрес жоспары (TAMP) аясында жұмыстардың жылдамдықпен жалғасқанын атап көрсетті.

Төтенше жағдайлардың алдын алу және салдарын жою жөніндегі басқармасының (AFAD) Дағдарыс координация орталығындағы лауазымдылардан жер сілкінісі аймағындағы жұмыстармен байланысты ақпарат алған Октай «AFAD» қызметкерлеріне алғысын білдіріп, «Жер сілкінісі аймағы бақылауымызда» деді.

Сабах газеті «Ішкі істер министрі Сүлейман Сойлудан зілзала мәлімдемесі» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда​​ Ішкі істер министрі Сүлейман Сойлу Элазығдағы 6.8 күшіндегі зілзаламен байланысты кеше мәлімдеме жасады. Сойлу құтқарушылардың үйінділер астынан 45 адамды алып шыққанын білдірді. Министр Сойлу зілзала аймағына 10 мыңнан астам шатыр жіберілгенін атап көрсетті.

Стар газеті «Теміржол көлігі экспорты 147 пайыз артты» тақырыпты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Түркиядан 2019 жылы жасалған теміржол көлігі экспорты, алдынғы аймен салыстырғанда 147 пайыз артты. Улудағ Автокөлік өнеркәсібі экспортшылар одағына қарағанда 2018 жылы 27 миллион 634 мың долларлық автокөлік саласының төменгі топтары ретінде теміржол көлігі экспорты 2019 жылы 68 миллион 457 мың доллар болып жүзеге асты.

Хабер түрік газеті «Джеди Османнан зілзаладан зардап шеккендерге жәрдем» атты хабар жариялаған.Хабарға қарағанда АҚШ Баскетбол лигасында(NBA) Кливленд Кавальерс формасын киген ұлттық спортшымыз Джеди Осман Элазығда зілзаладан зардап шеккендер үшін жәрдем акциясы ұйымдастырды. Кливленд - Чикаго матчында әр 3 ұпайлық лақтыру үшін 100 доллар бағыштайтынын жариялаған Джеди кейін бұл мөлшерді 200 долларға көтерді. Көптеген адам қатысқан жәрдем акциясында 385 мың лира жиналды.



Ұқсас жаңалықтар