Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

1338425
Түрік баспасөзіне шолу

Хабер түрік газеті «Ердоған: Ливияға әскер жіберу тақырыбында кері қадам басылмайды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда президент Режеп Тайып Ердоған Түркияның Ливияға әскер жіберу тақырыбында ұлт ретінде «бір ұлт, бір байрақ, бір отан, бір мемлекет» түсінігімен күресетіндерін атап көрсетті. «Бұл қасиетті күресті де жеңіске жеткіземіз» деген Ердоған «Артта қалдырған әр кедергі бізді одан да мықты қылуда» деді. Жеңіске жеткенше бізге кері қадам басуға, тоқтатуға болмайды. Қай жерге бару қажет сол жерге барамыз, кіммен күресу керек, онымен бас тартпай күресеміз» деді.

Ватан газеті «Түркия Ирактың шетелдік күштердің соғыс майданына айналуын қаламайды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Ирактың бас қаласы Бағдатта Ирак Сыртқы істер министрі Мұхаммед Али әл-Хекиммен ортақ баспасөз жиналысы өткізді.Чавушоғлу мәлімдемесінде«Бұл сапарымызбен біз мынаны ашық білдіреміз: Ирак жалғыз емес, бұл қиын күндерді бірге артта қалдыру үшін жұмыстанамыз. Біз Ирактың шетелдік күштердің соғыс майданына айналуын қаламаймыз» деді.

Хүррийет газеті «Түрік экономикасы 2019 жылғы болжамдардан асты» тақырыпты хабар жариялаған.Хабарға қарағанда Қазына және қаржы министрі Берат Албайрак Түркияның 2019 жылын экономикалық тұрғыдан болжамдардан жоғары бір өсу көрсеткішімен артта қалдырғанын жариялады. Албайрак ортаға қойылған саяси тұрақтылықтың арқасында халықаралық қаржы мекемелерінің болжамдарына керісінше өсу процесін жалғастырғанын білдірді. Албайрак 2020 жылын одан мықты бастадық» деді.

Йени Шафак газеті «Измирде 250 миллион тонна көмір резерві анықталды» тақырыпты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Измирдің Кынык ауданында көмір қуанышы бар. Іздестіру жұмыстары негізінде 250 миллион тонна көмір бар екені анықталған аймақта жылына 5 миллион тонна өндіріс жасалып, 40 жыл бойынша бұл резервтің шығарылуы жоспарланады.

Стар газеті «Түркия Австралияда 10 мың шақты түйенің атылатыны жайлы хабарға алаңдады» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Әділет және даму партиясы мәлімдемешісі Өмер Челик Австралияда әртүрлі себептермен көбейген және су тапшылығына жол ашқаны алға тартылған шамамен 10 мың түйенің атылатыны жайлы жаңалыққа алаңдағандарын білдірді. Австралия үкіметіне басқа бір шешім іздеу үшін шақыру жасағандарын атап көрсеткен Челик: «Өрттер себепті адамдар қаза тапты, жануарлар мен өсімдіктер, жәндіктер жойылды. Бұл қайғы-қасіретке түйелерді қыру сияқты опасыз бір әрекетті қосу өте үлкен қателік болады» деді.



Ұқсас жаңалықтар