Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

1335899
Түрік баспасөзіне шолу

Сабах газеті президент Ердоғанның сөздеріне орын берген.  Президент Режеп Тайып Ердоған «KALE» (Қамал) деп аталған Ұлттық барлау ұйымының жаңа ғимаратының беташарында сөз сөйледі.  Ұлттық барлау ұйымының маңызды тақырыптарда өте маңызды міндеттер атқарғанын атап көрсеткен президент: «Әсіресе Сирия дағдарысы басталған күндерден бері алаңда белсенді рол ойнаған ұйымымыз шекара тысындағы операцияларымыздың табысқа жетуіне үлкен еңбек сіңірді. Енді Ливияда өзіне жүктелген міндеттерді лайықты түрде орындауда. Мемлекет пен ұлтымыздың мүддесін қорғауын жалғастыратынына кәміл сенемін» деді.

Хабер Түрік газеті Сыртқы істер министрінің сөздеріне орын берген.  ТР Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу «Иерусалим» күші қолбасшысы, генерал Касым Сүлейманидің Америка Құрама Штаттарының операциясында өлтірілуінің аймақтың тұрақтылығына үлкен қауіп төндіргенін атап көрсетті.  Министр кеше 2019 жылдың сыртқы саясатына баға берген жиналыс өткізді.  Министр Сүлейманидің өліміне байланысты «Осы проблеманың шешілуі немесе келіспеушіліктің азайтылуы үшін алдымыздағы күндері басқа елдермен бірге жұмыстануды жалғастырамыз» деді.

Ватан газеті Түркияның орман жаңғағы экспортына орын берген.  Хабарға қарағанда, Түркия 4 айда 158 мың тонна жаңғақ сатып, 1 миллиард 93 миллион 537 мың 514 доллар табыс тапты. Қаратеңіз Жаңғақ және өнімдері экспортшылары одағының хабарламасына қарағанда, 2019-2020 экспорт маусымының алғашқы 4 айы – 1 қыркүйек пен 31 желтоқсан күндері арасында жаңғақтың 100 келісі 661 доллардан сатылды.

Стар газеті автомобиль секторынан хабар жариялаған.  Автомобиль секторының 2019 жылғы экспорты 30,6 миллиард долларды құрады.  Сектор өткен жылы әрі бүгінге дейінгі ең жоғары екінші экспорт көрсеткіші,  әрі айлық сыртқы саудада орташа 2,55 миллиард доллар деңгейіне жетті.

Хүрриет газеті туризм хабарына орын берген. Хабар «Анталия туризмі 2019 жылы  орыс нарығында рекорд жасады» деп аталады. Хабарға қарағанда,  Анталияға 2019 жылы келген әрбір үш туристің бірі – орыс.  Анталия қалалық мәдениет және туризм басқармасының деректеріне қарағанда,  өткен жылы қалаға келген шетелдік турист саны 2018 жылға қарағанда 17,14 пайыз артты.  Анталияны таңдаған 15 миллион 644 мың 108 туристің 5 миллион 582 мың 763-і Ресейден келді.

 



Ұқсас жаңалықтар