Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер аймақ және әлем жаңалықтарына орын берген.

1335288
Түрік баспасөзіне шолу

Хүррийет газеті Президент Ердоғаннан АҚШ пен Иранға тыныштық сақтау шақыруы атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда президент Режеп Тайып Ердоған АҚШ-тың ирандық генерал Касым Сүлейманиді өлтіруімен басталған дағдарыстың қызуын азайту керектігін атап, тыныштық сақтауға шақырды. Ердоған кеше кешкі уақытта бір бағдарламаға қатысып, «Бүкіл тараптарды өкінішті бір жағдайға жетпей тұрғанда, бұл дағдарыстың қызуын азайтуға шақырамын» деді.

Сабах газеті «Чавушоғлу катарлық әріптесімен сөйлесті» тақырыпты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Катар Сыртқы істер министрі Шейх Мұхаммед ибн-Абдуррахман әл-Санимен телефонмен сөйлесті. Дипломатиялық ақпарат көздеріне қарағанда екі министр әңгіме барысында Иран Төңкеріс сарбаздары армиясына қарасты Иерусалим күші қолбасшысы генерал Касым Сүлейманидің өлтірілуін қолға алды.

Ватан газеті «Сыртқы істер министрлігі: Қатаң түрде айыптаймыз» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Түркия Ливияның бас қаласы Триполиде Хафтер күштерінің Құрлық күштері мектебіне жасаған шабуылын айыптады. Сыртқы істер министрлігі мәлімдемесінде «Триполидегі Құрлық күштері мектебіне жасалған шабуылды қатаң түрде айыптаймыз. Шабуылда қаза тапқан ливиялық бауырларымызға Алланың рақымшылығы мен жаралыларға шипа тілейміз» делінді.

Стар газеті «ҰҚМ: Сириядан қашқан 2 террорист берілді» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Сириядағы PKK/YPG террор ұйымынан қашқан 2 террорист Шанлыурфаның Суруч ауданындағы әскери шекара қорғау учаскесі қауіпсіздік қызметкерлеріне берілді. Ұлттық Қорғаныс министрлігі (ҰҚМ) мәлімдемесінде террор ұйымы PKK-дан қашулардың жалғасқаны аталып, «Сириядағы баспаналарынан қашқан PKK/YPG террор ұйымы мүшесі 2 террорист Шанлыурфаның Суруч ауданындағы шекара қорғау қызметкерлеріне берілді» делінді.

Йени Шафак газеті «Эдирне қаласына келген туристтер 270 миллион евро табыс түсірді» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Эдирне қаласына өткен жылы сауда-саттық мақсатпен 2 миллион 736 мың 865 болгар және грек турист келді. Эдирне Сауда және өнеркәсіп палатасы төрағасы Реджеп Зыпкынкурт 2019 жылдың Эдирне үшін өте жарқын өткенін атап, «270 миллион евро ел экономикасына үлес қосылды. Ағымдағы жылы нысанамыз 5 миллион грек және болгар туристті күту» деді.



Ұқсас жаңалықтар