Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер аймақтық және әлемдегі кейбір жаңалықтарға орын берген.

1315886
Түрік баспасөзіне шолу

Хабер түрік газеті«Чавушоғлунан Канал Стамбул пайымы: Тарих өзгереді» атты хабар жариялаған.Хабарға қарағанда Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу «Канал Стамбулда қазба жұмыстары басталған кезде бүкіл әлемде теңіз және қатынас тұрғысынан тарих өзгереді. Жаңа бір бастама болады» деді. Чавушоғлу кеше Анталияның Алания ауданында бір мейманханада жүзеге асқан Әділет және даму партиясы Жастар үйірмесінің Жерорта теңізі аймақтық жиналысында Түркияның күшейген сайын алдына шыққан мәселелердің өлшемінің де түрленгенін атап көрсетті.

Сабах газеті «Ұлттық Қорғаныс министрлігі: Террор шабуылдарына қарсы жол бақылау бекеттері салынады» тақырыпты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Ұлттық Қорғаныс министрлігі террор ұйымы PKK/YPG-нің бомбалы көліктермен жазықсыз адамдарды нысанаға алғанын террор шабуылдарына қарсы жол бақылау бекеттері салынғанын білдірді.

Ватан газеті «Министрлік мәлімдеді. Шекарадан шығарылды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Ішкі істер министрлігінен жасалған мәлімдемеде шетелдік террорист жауынгерлерді елдеріне қайтару процес жалғасуда. Мәлімдемеде осы аяда кеше Ирландия текті 1 шетелдік террорист жауынгер еліне қайтарылды.

Стар газеті «Шетелдік турист саны 41 миллионға ұласты» атты хабар жариялаған.Хабарға қарағанда Түркия жылдың алғашқы 10 айлық мерзіміндеөткен жылдың бірдей кезеңімен салыстырғанда 14.47 пайыз өсу көрсеткішімен 40 миллион 719 мың 786 шетелдік туристті күтті. Түркияға ағымдағы жылдың алғашқы 9 айлық мерзімінде 36 миллион 428 мың шетелдік турист келген болатын.

Йени Шафак газеті «Даун синдромды спортшымыз Талха Ахмет Эрдем алтын медаль алды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Дзюдодан Бүкіләлемдік Даун синдромды спортшылар чемпионатында түрік спортшы Талха Ахмет Эрдем осы салада Түркияның алғашқы алтынмедалін әкелді.



Ұқсас жаңалықтар