Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды жаңалықтарға орын берген.

1309252
Түрік баспасөзіне шолу

Стар газеті президент Ердоғанның сөздеріне орын берген. Президент Режеп Тайып Ердоған Америка Құрама Штаттарының F-35 ұшақтарына байланысты Түркияға әділетсіздік жасағанын білдірді. Ол Түркияның F-35 жобасының серігі екенін атап көрсетіп,  «Осы жоба шеңберінде 2,1 миллиард доллардың 1,4 миллиард долларын төледік.  Егер осы тақырыптағы келіспеушілік жалғасатын болса, Түркия орта мерзім мұқтаждықтарын қамдау үшін басқа балама іздейді» деді.  

Ватан газеті НАТО хабарламасына орын берген. НАТО Бас хатшысы Йенс Столтенберг Түркияның ең көп босқынға құшақ жайған одақтас ел екенін айтты.  Ол Түркияның көптеген террорлық лаңкестіктерге де ұшырағанына назар аударды. «Сондықтан Түркияның орынды қауіпсіздік уайымдары бар» деді ол.

Хабер Түрік газеті «Түркияның шетелдегі активтері артты» деген хабарға орын берген.  Түркия Республикасы Орталық банкі 2019 жылдың қыркүйек айының халықаралық инвестиция позицияларының деректерін жариялады.  Түркияның қыркүйек айында шетелдегі активтері 247,5 миллиард доллар болды.  Осыған қарағанда,  қыркүйек айында Түркияның шетелдердегі активтері 2018 жылдың аяғымен салыстырғанда 8 пайыз артты.

Хүрриет газеті биржа хабарына орын берген.  Биржа Стамбулдың бас директоры Хакан Атилла жақында биржада кешкі сеанстар басталатынын білдірді.  Алғашқы кешкі сеанс 17 қаңтар күніне жоспарланды. Кешкі сеанс сағат 19-да басталып, сағат 23-ке дейін жалғасады.

Йени Шафак газеті футбол хабарына орын берген. 2020 Еуропа Футбол чемпионатына қатысуға жолдама алған Түркияның ұлттық құрамасы жаттықтырушы Шенол Гүнеш басшылығында тарихының ең тамаша нәтижесін көрсетті. Түркия EURO 2020 іріктеуінде өз көгалындағы матчтарда гол салғызбаған бірінші команда болды.  Ұлттық құрама команданың чемпионаттағы қарсыластары 30 қараша күні Румынияның бас қаласы Бухаресттегі жеребеде белгілі болады.



Ұқсас жаңалықтар