Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер аймақ және әлем  жаңалықтарына орын берген.

1304001
Түрік баспасөзіне шолу

Сабах газеті «Түркия сағаты 09:05-те жалпы ел бойынша барлық халық ұлы көсемді еске алды» деген хабарға орын берді. Газет Түркия Республикасының құрушы ұлы көсе Мұстафа Кемал Ататүрік қайтыс болғанына 81 толғанында еске алынғанын жазды. Газеттің хабарына қарағанда  Түркия сағаты 09:05-те жалпы ел бойынша барлық халық ұлы көсемді еске алды. Аныткабир мемлекет лауазымдары қатысқан ресми салтанаттан кейін халыққа ашылды.   Кеше ашылғанда 7 жастағы баладан 70 жасқа дейінге қарттар Ататүрікке деген сүйіспеншілігімен Аныткабирге ағылды. Аныткабир биылғы 10 қарашада да азаматтардың Ататүрікке сүйіспеншілік көрсетудің орны болды. Ататүрік көз жұмған Стамбул Долмабахче Сарайына болса қолдарына бәйшешек гүлін ұстаған мыңдаған адам жиналды. Кейбір азаматтар әсерленгеннен көз жасын тия алмады.

Ватан газеті «Президент Ердоған: Мемлекетімізді әлемнің ең жоғарғы лигасына шығаруда табандымыз» атты тақырып қолданды. Газет президент Режеп Тайып Ердоғанның кеше Түркия Республикасының құрушысы және тұңғыш президенті Мұстафа Кемал Ататүріктің дүниеден озғанының 81 жылдығына орай Ататүрік мәдениет, тіл және география жоғарғы мекемесі тарапынан ұйымдастырылған еске алу рәсімінде сөз сөйлегенін жеткізген. Газеттің хабарына қарағанда Ердоған «Бізге аманат еткен Республиканы қорғап, барлық салада мықты, беделді және дамыған ел болу жолында табанды қадамдармен жылжып келеміз. Мемлекетімізді әлемнің ең жоғарғы лигасына шығаруда табандымыз. Ататүрікті түсіну де, еске алуда осылай болады, бос сөз емес» деген сөздер қолданды.

Йени Шафак газеті хабарын «Фуат Октай: Қазақстанмен сауда мөлшерін 10 миллиард долларға көтереміз» деген тақырыбымен берді. Газет Стамбулда ұйымдастырылған Түркия-Қазақстан Бизнес форумына қатысқан Президенттің орынбасары Фуат Октай Қазақстанмен екі жақты сауданың 2018 жылы 18 пайыз артқанын түсіндіріп, «Қазақстанмен сауда мөлшерін 10 миллиард долларға көтереміз» деді.

Хабар Түрік газеті «Стамбул әуежайынан 88 миллион жолаушы саяхат етті» атты хабарға орын берді. Газет 2019 жылының қаңтар-қазан маусымында Ататүрік, Стамбул және Сабиха Гөкчен Халықаралық әуежайынан 590 мың  556 жолаушының аттанғанын мәлімдеген. Газеттің хабарына қарағанда 10 айлық мерзімде Стамбулдағы барлық әуежайындағы рейстер арқылы 87 миллион 638 мың 38 жолаушы саяхат етті.

Хүрриет газеті «Кушадасына крейсер арқылы 2 мың 657 турист келді» деген тақырып қолданды. Газет Айдын провинциясының Кушадасы ауданына крейсер арқылы 2 мың 657 туристтің келгенін жеткізді.

  

 

 



Ұқсас жаңалықтар