Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер аймақ және әлем  жаңалықтарына орын берген.

1298273
Түрік баспасөзіне шолу

Ватан газеті «Ердоған министрлерге бұйрық бергенін мәлімдеді» деген хабарға орын берді. Газет президент Режеп Тайып Ердоғанның кеше Грузия премьер-министрі Георгий Гахариямен кездескеннен кейін жасаған мәлімдемесінде екі ел сыртқы істер министрлеріне берілген бұйрық бойынша ең қысқа мерзім ішінде стратегиялық ынтымақтастық кеңесін жинайтындарын білдіргенін хабарлады. Газеттің хабарына қарағанда Ердоған стратегиялық ортақтықтың тек екі ел үшін емес, аймақ тұрғысынан да болымды нәтижелер болатынына сенгенін атап өтті.

Хүрриет газеті «Сыртқы істер министрі Францияға қатал наразылық көрсетті» атты тақырып қолданды. Газеттің хабарына қарағанда Түркия Францияның Бейбітшілік бұлағы операция жайлы қабылдаған шешімдеріне қатал наразылық көрсетті. Сыртқы істер министрлігінен кеше жасалған мәлімдемеде «Сирия территориясында бір террор мемлекет құруға  тырысқан Францияның осы шешіміне қарсымыз» делінді.

Сабах газеті хабарын «Министр Акар маңызды мәлімдеме жасады» деген тақырыбымен берді. Газет Ұлттық қорғаныс министрі Хулуси Акардың кеше Сирия шекарасындағы жасақтарға тексеру жүргізгенін жазған. Газеттің хабарына қарағанда Тель-Абьядтағы  әскерлерге радио толқыны арқылы тапсырма берген Акар «Түркияның террор ұйымы ДАИШ-пен күресуін көрмеудің өзі нақтылы бір соқыр, надандық және қырсық мінез болып табылады. Бұл жерде жұмыстар әлі біткен жоқ, әр сәтте бір нәрсе болуы мүмкін. Осыған орай дайын болуымыз керек» деді.

Стар газеті «Министр Албайрак: инфляция алғаш рет 5 пайыздан төмен болатынын көреміз» атты хабарға орын берді. Газет  Қазына және Қаржы министрі Берат Албайрактың кеше Малатья іскерлермен бас қосқанда сөз сөйлегенін жеткізді. Газеттің хабарына қарағанда Албайрак «Жаңа Экономикалық бағдарламамызда инфляция алғаш рет 5 пайыздан  төмен болатынын көреміз» деді. Министр Берат Албайрак 2019 жылдың болымды өсумен аяқтауын күтудеміз» деді.

Хабар Түрік газеті «Сабиха Гөкчен 10 жылда  240 миллион жолаушы күтіп алды» деген тақырып қолданды. Газеттің хабарына қарағанда 2009 жылы 31 қазан күні жұмысқа қосылған және 8 балл қуатындағы зілзалаға шыдайтын Стамбул Сабиха Гөкчен Халықаралық әуежайының терминал ғимараты өткен 10 жыл ішінде 240 миллион жолаушыға үй иелік жасады.

 

 

 



Ұқсас жаңалықтар