Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер аймақ және әлем  жаңалықтарына орын берген.

1297642
Түрік баспасөзіне шолу

Стар газеті «Ердоған АҚШ-қа жоба жайлы наразылық көрсетті. Барша әлемге үндеу тастаймыз. Басылған қадамды қабылдамаймыз» деген хабарға орын берді. Газет      Президент Режеп Тайып Ердоғанның  АҚШ Өкілдер мәжілісінің 1915 оқиғаларына байланысты ауыз жүзіндегі армян пайымдауларын таныған шешім жобасына наразылық көрсеткеніне орын берді. Газеттің хабарына қарағанда президент Ердоған «Бұл жерден Америка қоғамына және барша әлемге үндеу тастаймын. Жасалған шешімнің ешқандай мағынасы жоқ. Бұны қабылдамаймыз» деді.

Йени Шафак газеті «Фуат Октай АҚШ-қа наразылық көрсетті: Бұл - одақтастық рухына қайшы» атты тақырып қолданды. Газет Президент орынбасары Фуат Октайдың Америка Құрама Штаттары Өкілдер мәжілісінің шешіміне наразылық көрсеткенін жазған. Газеттің хабарына қарағанда Октай кеше твиттер арқылы жасаған мәлімдемесінде «Бұл шешімдер құқыққа, одақтастық рухына және Сирия жайлы жасалған келісімге қайшы» деген сөздер қолданды.

Сабах газеті хабарын «Министрі Чавушоғлұ АҚШ-тың жобасына қатал наразылық көрсетті» деген тақырыбымен берді. Газет Сыртқы істер министрі Мәвлүт Чавушоғлұның кеше жасаған мәлімдемесінде Америка Құрама Штаттарының жобасына қатал наразылық көрсеткенін мәлімдеді. Газеттің хабарына қарағанда  министр Чавушоғлұ «Бұның ешқандай үкімінің болмағанын өздеріне жеткіздік. АҚШ-тың Анкарадағы өкілетті және төтенше елшісін министрлігімізге шақырып, әрі наразылықтарымызды, әрі талаптарымызды айттық. АҚШ-та Түркияға қарсы жасалған екі шешімнің себебі: Сирияда әсіресе ойынды бұзбауымызда. Бұның кегін алуға тырысуда» деді.

Хүрриет газеті «Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі бірлесе отырып  АҚШ-қа наразылық көрсетті» атты хабарға орын берді. Газет Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің АҚШ Өкілдер мәжілісінің жасаған шешімдеріне ортақ наразылық көрсеткенін жариялады. Газеттің хабарына қарағанда жасалған шешімнің тарихи шындықты бұрмалау талпынысы екені білдірілді.

Ватан газеті «Ұлттық Қорғаныс Министрлігі мәлімдеме жасады: кездесулер тамамдалды» деген тақырып қолданды. Газет Ұлттық Қорғаныс Министрлігі Ресей әскери делегациясымен өткізілген кездесулерінің сәтті өткенін хабарлады. Газеттің хабарына қарағанда кездесулерде келісім мәтінінде орын алған бабтардың орындалуына бағытталған әдістеме және техникалық тақырыптар қолға алынды.

 

 

 



Ұқсас жаңалықтар