Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды хабарларға орын берген.

1292951
Түрік баспасөзіне шолу

Хабер Түрік газеті «Түркия мен Ресей арасында қауіпсіздік аймақта тарихи келісім» деген хабарға орын берген. Америка Құрама Штаттарынан кейін Ресеймен де келісімге келінді.  Президент Режеп Тайып Ердоған мен Ресей президенті Владимир Путиннің Сочидегі кездесуінде келісімге келінді.  150 сағат ішінде сепаратистік террорлық ұйым YPG/PKK террористтері қаруларымен бірге Түркия шекарасының 30 км тысына шығарылады.  Аймақта түрік-орыс күзет қызметі басталады.

Сабах газеті Ұлттық Қорғаныс министрлігінің хабарламасына орын берген. Ұлттық Қорғаныс министрлігі Сирияның солтүстігінде «Бейбітшілік бұлағы» операциясының алаңы тысында жаңа операция жасаудың қажет еместігін хабарлады.  Хабарламада «120 сағаттық мерзімнің аяғында Америка Құрама Штаттары тарапынан PKK/YPG –нің аймақтан кетуінің аяқталғаны білдірілді» деп айтылды.

Хүрриет газеті «Бүкіләлемдік Денсаулық ұйымы ақ фосфор бомбасы қолданылғанын растамады» деген тақырып қолданған.  Бүкіләлемдік Денсаулық ұйымының баспасөз хатшысы Кристиан Линдмайер Сирияның солтүстік шығысында сепаратистік террорлық ұйым YPG/PKK қолдаушылары мен кейбір батыс елдері медиа органдарының түрік армиясын айыптау үшін ақ фосфор қолданылғаны жөніндегі суреттердің бұдан бұрын Сирияның түрлі аймақтарынан жиналғанын білдірді.  Линдмайер террорлық ұйымның жалғандары мен аймақтағы жағдайды жақыннан қадағалап отырғандарын айтты.

Стар газеті «PKK күрдтер мен түріктерге зиян келтіреді» деген хабар жариялаған.  Ұлыбританиядағы The Times газетінің тілшісі Сара Тор террорлық ұйым PKK/YPG/SDG –нің Түркиядағы бөлшектеуші террорлық ұйым PKK-ның жалғасы екенін,  мақсаттарына жету үшін терроризмді қолданғандарын жазды.  Сирияның солтүстігінде қалыптастырылатын сенімді аймаққа да қолдау берген Сара Тор террорлық ұйымның түріктерге және күрдтерге зиян келтіргенін өз көзімен көргенін атап көрсетті.

Йени Шафак газеті «Түрік дәмдерін телехикаялар таныстырады» деген хабарға орын берген.  Туризмде өнім түрлілігі артып келеді. Медицина және наным туризмімен бірге гастрономия туризмі де 75 миллиондық 2023 туризм мақсатына үлес қосады.  Осы шеңберде шетелде қызығушылықпен қаралатын түрік телехикаялары мен фильмдерінде гастрономия өнімдеріне орын беріледі.  Түрік асханасының бас тартылмас тағамдары сериалдарда көрсетіліп,  әлемге таныстырылады. Осы арқылы елге турист тарту ісі жалғастырылады.



Ұқсас жаңалықтар