Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер аймақ және әлем  жаңалықтарына орын берген.

1280802
Түрік баспасөзіне шолу

Сабах газеті «Сенімді аймақ базасы тақырыбында кешіктіру әдісіне рұқсат берілмейді» деген хабарға орын берді. Газет Ұлттық Қорғаныс министрі Хулуси Акардың  Америка Құрама Штаттарымен жалғасып жатқан Сирияның шығысында сенімді аймақ базасын құруға байланысты мәлімдеме жасағанын жеткізген. Газеттің хабарына қарағанда Акар «Тостыру, кешіктірулер болса бұл жұмыс тоқтайды. Біз белді бекем байладық. Дайындықтарды жасадық. Қажет болып жатса өз күшімізге сүйенеміз» деген сөздер қолданды.

Хабар Түрік газеті «Қыркүйек айында экспорт 15.22 миллиард доллар болды» атты тақырып қолданды. Газет Сауда министрі Рухсар Пекжанның «Өткен жылы қыркүйек айы экспорты 22,7 пайыздық артумен тарихтың ең жоғарғы деңгейіне жетті» дегеніне орын берді. Газеттің хабарына қарағанда Пекжан «Қыркүйек айы экспорты санақтарымыз 15 миллиард 220 миллион доллар болды» деді. Сауда министрі Пекжан «Бұл  экспорт санағымыз 15,7 пайыздың үстінде. Алғашқы 9 айдағы санағымызда да 2,56 пайыздық артумен 132 миллиард 505 миллион долларға ұласты» деген мағлұмат берді.

Хүрриет газеті хабарын «Автомобиль саудасы 100 пайыз артты» деген тақырыбымен берді. Газет Орталық Банкінің өсімнің түсірілуінен кейін мемлекеттік және жеке банктердің де несие өсімдерін түсіруімен қыркүйек айында автомобиль саудасы өткен жылдың бірдей айымен салыстырғанда 100.67 пайыз артқанын жазған. Газеттің хабарына қарағанда қыркүйек айында автомобиль сатулары 100.67 пайыз артумен 35 мың  308 автомобильге ұласты.

Ватан газеті «Volkswagen Түркияда фирма құрды» деген хабарға орын берді. Газет орталығы Германияда болған автомобиль фабрикасы Volkswagen-нің Манисада 943,5 миллион лира капиталды фирма құрғанын мәлімдеген. Газеттің хабарына қарағанда Volkswagen Манисаға 1,4 миллиард евролық инвестиция салады. Фирма автомобиль, жүк көлігі және түрлі моторлы көлік, тасымал көліктердің дизайны, өндірісі және монтажы, бөлшектерінің жобалануы,  өндірісі және монтажы, өнімдердің сатылуы, импорты және экспорты сынды жұмыстар атқарады.

Стар газеті «Этноспорт мәдениет фестивалы басталды» атты хабар қолданды. Газет Этноспорт мәдениет фестивалының биыл 16 елдің қатысуымен 3-6 қазан күндері аралығында Стамбул қаласының Йешилкөй Ататүрік әуежайында өткізіліп жатқанын жариялады.

 

 



Ұқсас жаңалықтар