Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды хабарларға орын берген.

1280086
Түрік баспасөзіне шолу

Йени Шафак газеті президент Ердоғанның сөздеріне орын берген.  Президент Режеп Тайып Ердоған Түркияның Сирияда қалыптастыратын сенімді аймақ тақырыбында өз жолын жалғастырудан басқа амалы қалмағанын айтты.  Ердоған: «Манбиджті де қосқанда Евфрат өзенінің Ирак шекарасына дейін қалыптастырылатын 30 км-лік сенімді аймақта бір миллионын жаңа елді мекендерде,  бір миллионын бұрыннан келе жатқан елді мекендерге қоныстандыруды жоспарлап отырмыз» деді.

Сабах газеті де президенттің сөздеріне орын берген.  Хабарға қарағанда, президент Режеп Тайып Ердоған Орталық банктің валюта резервтерінің 103 миллиард долларға жеткенін білдірді.  Экономикада теңгерім және қайтадан өсу процесін табыспен жалғастырғандарын атап көрсеткен президент: «Қаржы тәртібінен еш кері шегінбейміз. 11-ші даму жоспарындағы жол картамызды қадағалап, алдымыздағы сайлаусыз 4 жылды жақсы өткіземіз.  Елімізді әлемнің алдынғы қатарлы он экономикасының қатарына енгізгенге дейін күні-түні жұмыстанамыз» деді.

Ватан газеті «Жаңа экономика пакетіне бизнес әлемінен қолдау» деген хабар жариялаған.  Экономиканың үш жылдық жол картасы- Жаңа экономикалық пакет жарияланды. Бағдарламада 2022 жылы инфляцияның 4,9 пайызға азаюы нысанаға алынған. Бизнес әлемі қайтадан өсімнің нысанаға алынуы жеке меншік сектордың көңіл күйін көтерді деп ойлайды.  Жоспарланған қадамдардың экономикаға шабыт беретіні,  осылайша мықты және тұрақты өсім процесіне өтуді қамдайтыны көзделуде.

Хабер Түрік газеті де экономика хабарына орын берген.  Несие бағаландыру мекемесі Fitch Ratings кеше Жаһандық Экономикалық панорама рапортын жариялады. Ұйым түрік экономикасы үшін болжамын өзгертті.  Ұйым түрік экономикасының 2020 жылы 3,1 пайыз және 2021 жылы 3,6 пайыз өсетінін білдірді. 2020 жылы ауқымды жақсару болатынын атап көрсетті.

Хүрриет газеті туризм хабарына орын берген.  Хабарға қарағанда, жылдың алғашқы сегіз айында Түркияға келген турист саны 31 миллионнан асты.  Түркияға ең көп турист жолдаған ел – Ресей. Ресейден Түркияға 4,8 миллион турист келді.  Ең көп турист келген қала болса – Анталия.  Анталияға 10,3 миллион турист келді.  Анталиядан кейін Стамбул келеді.  



Ұқсас жаңалықтар