Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер аймақ және әлем  жаңалықтарына орын берген.

1272341
Түрік баспасөзіне шолу

Сабах газеті «Ердоған: Екі апта ішінде бір нәтиже шықпаса,  өз әрекет жоспарымызды іске асырамыз» деген хабарға орын берді. Газет президент Режеп Тайып Ердоғанның кеше Бештепе Конгресс орталығында өткен 2019-2020 Жоғары оқу орындарының жаңа оқу жылы беташар рәсіміне қатысқанын жазған. Газеттің хабарына қарағанда Ердоған осында сөйлеген сөзінде Америка Құрама Штаттарымен талқыланған сенімді аймақ тақырыбында оқиғаларға тоқталды.  Президент ««Екі апта ішінде бір нәтиже шықпаса,  өз әрекет жоспарымызды іске асырамыз» деді.

Ватан газеті «Министр Пекжан Түркия мен Иран арасындағы сауда қатынасы жайлы мәлімдеме жасады» атты тақырып қолданды. Газет Сауда министрі Рухсар Пекжанның кеше астана Анкарада ұйымдастырылған «Түркия-Иран Бизнес Форумында» сөз сөйлегенін мәлімдеген. Газеттің хабарына қарағанда министр Пекжан сөзінде Түркия мен Иран арасындағы сауда қарым-қатынастарының арттырылуы керектігін білдіріп, «Таңдаулы сауда келісімін тіпті белсенді қолданып, сауда көлемін арттыруға табандымыз» деді.

Йени Шафак газеті хабарын «Түркияның 2023 Өнеркәсіп және технология стратегиясы жарияланды» деген тақырыбымен берді. Газет Өнеркәсіп және технология министрі Мұстафа Варанктың Түркияның 2023 Өнеркәсіп және технология стратегиясын жариялағанын баяндады. Газеттің хабарына қарағанда министр Варанк «Стратегия жоғары технология және инновация, цифрлық өзгеріс және өнеркәсіп бастамасы, кәсіпкерлік, адамдық капитал және инфрақұрылым секілді 5 тақырып және 23 саясаттан тұрады» деген сөздер қолданды.

Стар газеті «Селчук Байрактар  Акынжының алғашқы рейс уақытын жариялады» атты хабарға орын берді. Газет Байкар фирмасының техникаға жауапты директоры және Түркия технология командасы қоры басқару алқасы төрағасы Селчук Байрактардың Түркияның отандық және ұлттық өнімі болған Ұшқышсыз әуе соғыс көлігі Акынжының алғашқы рейсін қазан айын ішінде жүзеге асырғысы келгендерін айтқандарына орын берді.

Хүрриет газеті «Түрік Әуе жолдары  Қытайдың Шиан қаласына тікелей рейс қойды» деген тақырып қолданды.  Газеттің хабарына қарағанда   нарық жағдайына байланысты Түрік Әуе жолдары  Қытайдың Шиан қаласына тікелей рейс қойды.

 

 

 



Ұқсас жаңалықтар