Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды хабарларға орын берген.

1271762
Түрік баспасөзіне шолу

Стар газеті президенттің жаңа жарлық жариялағанын хабарлаған. Хабарға қарағанда,  президент Ердоған «Еуропа Одағымен виза жеңілдігі диалогы процесіне байланысты критерияларды қамдауға бағытталған жұмыстарды жылдамдату» жарлығын жариялады.  Жарлықта «Азаматтарымыз үшін виза еркіндігінің алдымыздағы үрдісте аяқталуы үшін Виза жеңілдігі жол картасындағы критериялардың қамдалуына бағытталған жұмыстардың жылдамдатылуы және Еуропа Комиссиясы тарапынан қамдалғаны бекітілген критерияларға байланысты жұмыстардың тұрақтылығының қадағалануы керек» деп айтылды.

Сабах газеті «Сыртқы істер министрлігінен Грекияға наразылық» атты хабарға орын берген.  Сыртқы істер министрлігі Муратпаша Муниципалитетіспорт командасы мен PAOK гандбол матчында болған ту дағдарысы үшін айыптау жариялады. «2019 жылдың 13 қыркүйек күні Салоникиде болған гандбол матчындағы оқиға Грекиядағы Түркияға қарсы асыра ұлтшыл және фанатик азаматтардың шын бейнесін тағы бір рет көрсетті.  Алаңда грек туы ілулі тұрса да,  түрік байрағын ілгізбеуді қабылдамаймыз.  Грекияның қатысты органдарын тағы бір рет шетелдіктерге қарсы дұшпандық және күш қолдануды қолдаушылардың спорттық организацияларына алынбауы мақсатымен қажетті шараларды орындауға шақырамыз» деп айтылды.

 Йени Шафак газеті «Текнофестте ұшатын көлік назар аударды» деген хабар жариялаған.  Ұлттық мүмкіндіктермен 9 айда аяқталған ұшатын көлік «Жезери» Текнофест Стамбул авиация,  ғарыш және технология фестивалінде көрмеге қойылды. Үлкен қызығушылық оятқан ұшатын көлік алдағы уақытта қала іші транспортта қолданылады. Жезери әрі жүк, әрі әуе тасымалына бағыт береді.

Хабер Түрік газеті жүргізушісіз көліктерге байланысты хабарға орын берген.  Бухгалтерия, инспекция, салық және басқару кеңесшілігі қызметін беретін халықаралық фирма Deloitte және Түркия Автомобиль дистрибьюторлар қоғамының бір зерттеуі жүргізушісіз көліктерге ең көп ықыластың Түркияда екенін көрсетті.  Жаһандық көлемде зерттелгенде,  жүргізушісіз көліктерге ықылас Түркияда 67 пайыз,  Германияда 54 пайыз,  Ұлыбританияда 48 пайыз.

Хүрриет газеті «11 миллионнан асты» деген хабарға орын берген.  Теңіз, құм және күнімен адамды сиқырлап алатын,  ежелгі қалаларымен тарихты таныстыратын,  теңдесі жоқ шығанақтары,  үңгірлері,  каньон және сарқырамаларымен әлемнің тартымды туристік орталықтарының бірі Анталия қонақтарды өзіне баурап алады.  «Туризмнің бас қаласы» деген атаққа ие Анталияға биыл 1 қаңтар күнінен 15 қыркүйек күніне дейін 11 миллион 636 мың 450 шетелдік турист келген.  Осылайша күнделікті және айлық есеппен қарағанда турист санында рекорд жаңартылды.



Ұқсас жаңалықтар