Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды хабарларға орын берген.

1270840
Түрік баспасөзіне шолу

Йени Шафак газеті  «Ең Ұзын саммит» деген тақырып қолданған.

Президент Режеп Тайып Ердоған, Ресей президенті Владимир Путин және Иран президенті Хасан Рухани Идлиб және Сирияның болашағын Анкарада сөйлесті. Aramco дағдарысы және Америка Құрама Штаттарының Иранды қорқытуына байланысты әлемнің барлық назары ауған саммит кеше таңертең 11.30-да екіжақты және үшжақты келіссөздермен басталып, кешкі 21.00-ге дейін жалғасты. «Біз Сириядағы саяси шешім үшін келісіп отырмыз» деді басшылар.

Сабах газеті Президенттік аппараттың Арменияға наразылығына орын берген.

Вице-президент Фуат Октай Әзірбайжан астанасы Бакуде өткен Әзірбайжан-Түркия Бизнес форумында сөйлеген сөзінде Әзірбайжан жерінің шамамен бестен бірінде жалғасып отырған армян басқыншылығының доғарылуы үшін ширек ғасырдан бері Әзірбайжанмен жақын ынтымақтастықта екендерін атап көрсетті. Хабарға қарағанда ол «Таулы Қарабах проблемасының Әзірбайжанның территория тұтастығы ішінде және халықаралық ұйымдар қабылдаған шешімдерге сай шешіліп,  1 миллионнан астам бауырымыздың еліне оралуы – тілегіміз» деді.

Хабер Түрік газеті «Текнофест әлемнің әуедегі ең үлкен екінші шарасы болды» деген хабар жариялаған. Өткен жылы Стамбул әуежайында бірінші рет ұйымдастырылған Түркияның технология фестивалі Текнофест биыл Ататүрік әуежайында болады.  Өткен жылы 200 мың адам келуі күтілген фестивальге 500 мыңнан астам адам келді.  Осы көрсеткішпен Текнофест әлемдегі ең үлкен авиашоу болды.  Фестиваль биыл 17-22 қыркүйек күндері аралығында өтеді.

Хүрриет газеті «20 жылдың рекорды» деген хабарға орын берген.  Энергия және табиғи ресурстар министрі Фатих Дөнмез «Ұлттық мекеме Түркия Мұнайлары фирмасы ел ішіндегі мұнай өндірісінде күніне 50 мың баррельді асып  соңғы 20 жылдың ең жоғары өндірісіне қол жеткізді» деді.  2018 жылы күніне ел іші мұнай өндірісі 42 мың 330 баррель ретінде тіркелген болатын.

 



Ұқсас жаңалықтар