Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер аймақтық және әлемдегі кейбір жаңалықтарға орын берген.

1266610
Түрік баспасөзіне шолу

Сабах газеті «Түркияның нақты Жерорта теңізі хабарламасы» атты хабар жариялаған.Хабарға қарағанда Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу ешкімнің Түркияның Жерорта теңізіндегі жұмыстарына кедергі жасай алмайтынын атап көрсетті. Чавушоғлу кеше Солтүстік Кипр Түрік Республикасы (СКТР) сапары аясында Йени Эренкөйде азаматтармен бас қосу бағдарламасына қатысты. Министр Чавушоғлу осында Түркия тартыншақтанбай, еш нәрседен бас тартпай кипрлық түріктерді жалғыз қалдырмайтынын атап көрсетті.

Стар газеті «Министр Албайрак АҚШ Сауда министрі Росспен бас қосты» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Қазына және Қаржы министрі Берат Албайрак кеше АҚШ Сауда министрі Вилбур Росспен бас қосты. Берат Албайрак Стамбулда жүзеге асқан кездесумен байланысты твиттер парақшасынан мәлімдеме жасады. Росспен Түркия-АҚШ арасындағы экономикалық және сауда ынтымақтастығын ауқымды түрде қолға алғандарын атап көрсеткен Албайрак «100 миллиард долларлық сауда көлемі үшін табандылығымызды тағы бір рет ортаға қойдық» деді.

Ватан газеті «Шілде айында шетелдік туристтердің тұру статистикасы жарияланды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда туристтік орындарда тұру мөлшері шілде айында 75 пайызға ұласты. Мәдениет және туризм министрлігі шілде айы тұру статистикасын жариялады. Жылдың алғашқы 7 айындағы тұру мөлшері 50,68 пайыз болып жарияланды.

Хабер түрік газеті «Таза жеміс-жидек экспортында Ресей бірінші орында» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Түркияның жылдың алғашқы 8 айлық мерзімінде 114 елге жасалған 1 миллион 964 мың 812 тонналық таза жеміс-жидек экспортынан 1 миллиард 207 миллион 84 мың 507 доллар табыс түсті. Сыртқы саудада 375 миллион 386 мың 968 доллармен Ресей алғашқы орында.

Хүррийет газеті «Түрік дәрігер тобы қатерлі ісік ауруымен күресте табысын арттырды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Германияның Кельн қаласында тұрған түрік дәрігері Ядигар Генч және ғылыми тобы қатерлі ісікпен күрес аясында иммун-терапиялық емдеуді пайдалана отырып, жаңа бір емдеу әдісін жетілдірді. Науқастың өз қанында өндірілген «жауынгер» жасушаларға қатерлі ісік протеиндерін енгізіп, онкологиялық вирустар қолданылған емдеу әдісі арқылы қатерлі ісікпен күресте маңызды табыстарға қол жеткізілді.



Ұқсас жаңалықтар