Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды хабарларға орын берген.

1262799
Түрік баспасөзіне шолу

Сабах газеті «Ердоған Әділет жылының ашылуында сөз сөйледі» деген хабар жариялаған.  Президент Режеп Тайып Ердоған кеше Президенттік сарайдағы рәсімде сөйлеген сөзінде құқық пен еркіндіктердің қорғалуы,  кеңейтілуі,  кепілге алынуы үшін Адам құқықтарының ауқымды іс-қимыл жоспарын дайындағандарын атап көрсетті.

Йени Шафак газеті терроризммен күреске орын берген.  Түрік Қарулы күштері мен Ұлттық барлау ұйымының үйлесімді жұмысы нәтижесінде кеше Ирактың солтүстігіндегі Хакурк аймағында анықталған террор ұйымының бес мүшесі залалсыздандырылды.

Хүрриет газеті «Емине Ердоған Салда көлін аралады» деген тақырып қолданған.  Президент Режеп Тайып Ердоғанның жұбайы Емине Ердоған кеше Қоршаған орта және қала министрі Мурат Куруммен бірге Бурдур уәлаятындағы «Түркияның Мальдиві» деп аталған Салда көлін аралап, жұмыстар жөнінде мәлімет алды.

Стар газеті «Ақ Үйді де,  Ватиканды да түрік мәрмәрі әшекейлеп тұр» деген тақырып қолданған.  Стамбул Кен экспортшылары одағының төрағасы Айдын Динчер әлем табиғи тас секторында Түркияның маңызды орны бар екенін айтты.  Сапасы жоғары болғандықтан әлемнің маңызды орталықтарында түріктің табиғи тастары қолданылғанын білдірген Динчер: «Америкада Ақ Үй, Ватиканда Сан Петро шіркеуі, Австралияда Диснейлэнд осыларға мысал» деді.

Хабер Түрік газеті мәдениет хабарына орын берген.  Анталиядағы 26-шы Халықаралық Аспендос Опера және балет фестивалі француз сазгер Бизенің «Кармен» операсымен басталды. Фестиваль шеңберінде 8 қыркүйек күні Аспендос сахнасында Вена Мемлекеттік опера және балетінің өнерпаздары болады.  12-13 қыркүйек күндері болса Анталия Мемлекеттік опера және балетінің «Аида» операсы сахнада болады. «Троя» операсы да 16 қыркүйек күні сахналанады.



Ұқсас жаңалықтар