Түрік баспасөзіне шолу

Газеттер маңызды хабарларға орын берген.

1260584
Түрік баспасөзіне шолу

Сабах газеті «Президент Ердоған Трамппен сөйлесті» деген хабарға орын берген. Хабарға қарағанда,  президент Режеп Тайып Ердоған Америка Құрама Штаттарының президенті Дональд Трамппен телефонда сөйлесті.  Телефон әңгімесінде Сириядағы оқиғалар қолға алынды.

Хүрриет газеті «АҚШ елшісі Ердоғанға сенім грамотасын тапсырды» деген хабар жариялаған.  Президент Режеп Тайып Ердоған кеше Президенттік сарайда Америка Құрама Штаттарының өкілетті елшісі Саттерфиельдпен бас қосты.  Саттерфиельд қабылдауда президент Ердоғанға сенім грамотасын тапсырды.  Осылайша 22 айдан кейін Америка Құрама Штаттарының Түркиядағы өкілетті елшісі міндетін бастады.

Ватан газеті мұнай желісі жөніндегі бір хабарға орын берген.  Энергия және табиғи ресурстар министрі Фатих Дөнмез кеше Ирак Мұнай министрі Самир әл Гадбанмен көптеген жоба туралы сөйлескендерін айтып: «Ирак-Түркия мұнай құбыр желісі тек Ирактың солтүстігіндегі мұнайды емес,  елдің басқа аймақтарында шығарылған мұнайдың да нарыққа жеткізілуі тұрғысынан үлкен міндет атқарады. Жаңа жобалар жөнінде айтылды және бұларды да біз ризашылықпен қабылдадық» деді.

Стар газеті экономика хабарына орын берген.  Экономикалық сенім индексі тамыз айында өткен аймен салыстырғанда 7,9 пайыз артып, 87,1 болды. Түркия Статистика мекемесі кеше тамыз айының экономикалық сенім индексін жариялады.  Индекс тұтынушы,  өнеркәсіп өндірісі, қызмет,  сауда және құрылыс секторындағы сенім индексінің артуына байланысты көтерілді.

 Йени Шафак газеті тарихқа байланысты бір хабарға орын берген.  Урарту өркениетінің ең көркем ғимараттарының бірі Аянис қамалында жүргізілген қазба жұмыстарында 2 мың 700 жыл бұрын қолданылған Анадолының алғашқы синтетикалық бояуы табылды.  Қазба жұмыстары басшысы Проф. Др. Мехмет Ышыклы қамалда көк түсті бояу табылғанын білдірді.



Ұқсас жаңалықтар