Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер аймақ және әлем  жаңалықтарына орын берген.

Түрік баспасөзіне шолу

Хабар Түрік газеті «Чавушоғлұ Грекияға жолдама жасады» деген хабарға орын берді. Газет Сыртқы істер министрі Мәвлүт Чавушоғлұның Шығыс Жерорта теңізі тақырыбында «Грекияны аймақта барлық тақырыпта өзара мүдде аясында бір ортақ ретінде көргіміз келеді. Халықтың бағытты тұрмысы үшін бірге жұмыс істейік. Осы аймаққа қызығатын баршаға жолдамам осы. Ынтымақтастық жасайық, барлығымыз бірге ұтайық» деген сөздер қолданғанын жазған.

Сабах газеті «Отандық автомобиль үлгісі тақырыбы қолға алынды» атты тақырып қолданды. Газет Өнеркәсіп және технология министрі Мұстафа Варанктың Түркия палаталар және биржалар одағы төрағасы Рифат Хисаржыклыоғлұ және Түркияның автомобиль іскер тобымен бас қосқанын мәлімдеген. Газеттің хабарына қарағанда жиналыста отандық автомобиль үлгісі тақырыбы қолға алынды.

Хүрриет газеті хабарын «Министр Пекжан: АҚШ Сауда министрі Түркияға келеді» деген тақырыбымен берді. Газет Түркия Сауда министрі Рухсар Пекжанның АҚШ Сауда министрі Уилбер Ростпен телефон арқылы сөйлескенін баяндады. Газеттің хабарына қарағанда министр Пекжан «Телефондағы әңгіме барысында құрметті Росттың делегациямен бірге қыркүйек айының алғашқы жартысында Түркияға ресми сапармен келуі жөнінде келістік» деген сөздер қолданды.

Стар газеті «Түркия мен Финляндия Ресей аспанын бақылайды» атты хабарға орын берді. Газет Ресей қорғаныс министрлігінің хабарына қарағанда Түркия мен Финляндия делегациясымен жасалған ашық аспан келісімдері аясында Ресей аспанын Түрік CN-235 ұшағының 9 тамыз күніне дейін бақылайтынын жеткізген.

Ватан газеті «Түркия мүше трансплантациясы жасау тақырыбында екінші орында» деген тақырып қолданды. Газеттің хабарына қарағанда  агент Press және PRNet-тің Ipsos санақтарынан алынған мағлұматтар бойынша Түркияның мүше трансплантациясын жасау саласында 72 пайызбен екінші орынды иелеуде.

 

 

 



Ұқсас жаңалықтар