Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер аймақтық және әлемдегі кейбір жаңалықтарға орын берген.

1240668
Түрік баспасөзіне шолу

Ватан газеті «АҚШ делегациясы Анкарада» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Америка Құрама Штаттары (АҚШ)Сирия арнайы өкілі Джеймс Джеффри және қасындағы делегация Сыртқы істер министрі орынбасары Седат Өнал және министрлік жұмыс тобымен бас қосты. Кездесу 2 сағат 45 минутқа жалғасты. Сыртқы істер министрлігі мәлімдемесінде «Жиналыста саяси кезеңдер, Идлибтегі қауіпсіз аймақ және атазаң комитетінің міндеті қолға алынды» делінді.

Сабах газеті «Чавушоғлунан маңызды F-35 және S-400 мәлімдемесі» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Түркияның «S-400» әуе қорғаныс жүйелерін қабылдауының артынан АҚШ-тың жанжал туғызған «F-35» соғыс ұшағы мәлімдемесінің жаңғырықтары жалғасуда. Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу тақырыппен байланысты «Әуе қорғаныс жүйесі үшін қалай шешім табу ізденісіне көшіп, ең соң «S-400» келісімін Ресеймен жасаған болсақ, Түркия өзі өндірісін жүзеге асырғанша қажеттіліктерін басқа резервтерден қамтамасыз ету ең табиғи құқығы» деді.

Йени Шафак газеті «S-400 жүйесін ортақ өндіру тақырыбында келіссөздер жалғасуда» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда орыс мемлекеттік қорғаныс фирмасы«Rosteh» төрағасы Сергей Чемезов «S-400 әуе қорғаныс жүйелерінің белгілі бөлшектерінің лицензия арқылы Түркияда өндіруге бағытталған жұмыстардың жалғасқанын білдірді. «Қарсыластарымыздың қарым-қатынастарға бағытталған араласу әрекеттерін табысты түрде шешеміз» деген Чемезов «Түркиямен авиация, тікұшақ өндіру және энергия салаларында ынтымақтастық жетілдіруге дайынбыз» деді.

Стар газеті «Еуроодаққа Түркия ескертуі: Тақырыптан тыс қаласыздар» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Түркияның досы Швецияның бұрынғы премьер-министрі Карл Билдт «Financial Times» газетіне бір мақала жазды. Билдт Еуроодақтың Түркиямен қарым-қатынастарды бұзуға қоса, кейбір шаралармен бағытын әбтен шатастырғанын және жақында «тақырыптан тыс» қалатынын жазды. Билдт Еуроодақтың өзін қайта реттеу керектігін айтып, «Босқын дағдарысында Түркиямен қарым-қатынастар қарама-қайшы бағытқа барды. Еуроодақ үлкен күштер күрескен осы жаңа ғасырда маңызды бір актер болуға тиісті, әйтпесе тақырыптан тыс қалады немесе жаман нәрселер болады» деді.

Хүррийет газеті «Түркияның Триполи өкілетті елшілігінің эвакуацияланғаны жайлы хабарларды теріске шығарды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Түркияның Триполидегі өкілетті елшілігі елшілік ғимаратының босатылғаны жайлы хабарларды теріске шығарды. Елшіліктің ресми фэйсбук парақшасынан жасалған жазбаша мәлімдемеде әлеуметтік желідегі кейбір араб тіліндегі хабарларда өкілетті елшіліктің эвакуацияланғаны жайлы негізсіз және мақсатты хабарлардың орын алғаны білдірілді. Өкілетті елшіліктің Триполидегі жұмыстарын жалғастырғаны атап көрсетілді.



Ұқсас жаңалықтар