Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер аймақтық және әлемдегі кейбір жаңалықтарға орын берген.

1237086
Түрік баспасөзіне шолу

Хүррийет газеті «Түркиядан Жерорта теңізінде жаңа қадам: Оруч Реис кемесі бұрғылауға барады» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Энергия және табиғи ресурстар министрі Фатих Дөнмез жеке твиттер парақшасынан Жерорта теңізіндегі бұрғылауларға қарсы жаңа қадамын бастады. Министр Дөнмез іздеу және бұрғылау жұмыстары үшін Оруч Реис кемесінің де міндетін бастайтынын атап көрсетті.

Стар газеті «Испаниядан Еуроодаққа Түркия ескертуі: Екі рет ойлануға тиістіміз» атты хабар жариялаған.Хабарға қарағанда Испания Сыртқы істер министрі Жозеп Боррел, Еуроодаққа Шығыс Жерорта теңізіндегі бұрғылау жұмыстарымен байланысты Түркия қарсы санкция шешімі  қабылдамай тұрғанда, дипломатиялық жолды таңдауға шақырды. «Санкцияларды іске қоспастан бұрын екі рет ойлануға тиістіміз» деген Боррел «Өйткені санкциялар іске қосылған соң бас тартқызушы күшін жоғалтады. Осы оқиғада келіссөздерге қайта оралуды ынталандыру, дағдарыстың асқынуын алдын алу керек. Қазір дипломатияның уақыты» деді.

Хабертүрік газеті «Стамбулда тарихи рекорд, 5 айда 5,4 миллион турист келді» атты хабар жариялаған.Хабарға қарағанда Стамбулды аралаған шетелдік туристсаны алғашқы 5 айдың ішінде өткен жылдың бірдей кезеңімен салыстырғанда 11.5 пайыз артып, 5 миллион 416 мыңға жоғарылап, рекорд жаңартты.

Ватан газеті «Еуроодақ статистикалық офисі Түркияның сауда айналымы профициті жайлы мәлімдеді» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Еуроодақ статистикалық офисі (Eurostat) Еуроодақ пен Еуро аймағының мамыр айы халықаралық сауда көрсеткіштерін жариялады. Осыған қарағанда мамыр айында Түркия Еуроодаққа 6 миллиард 873,8 миллион евролық экспорт жасады. Еуроодақтан 6 миллиард 309,3 миллион евролық импорт жасаған Түркия мамырда 564,5 миллион евро сауда айналымы профициті берді.

Йени Шафак газеті «Түркияға инвестиция тарту шаралары басталды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Голландия Түрік іскерлері қоғамының құрамында құрылған Голландия-Түркия Сауда ынтымақтастық орталығы «Түркияға инвестиция тарту шараларын» бастады. 1 триллион 256 миллиард евро төңірегінде шетелдік инвестиция жинағына назар аударған лауазымдылар аталмыш инвестициялардан пайдаланатын алдынғы қатарлы 9 саланың денсаулық, ауыл мен мал шаруашылығы, ақпараттық технология, химия, жаңалық ашатын өнеркәсіп, энергия /жаңартыла алатын энергия/, авиация және ғарыш, жоғары технологиялық өнеркәсіп, суды басқару, кеме өңдеу және теңізшілік салалары екенін атап көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар