Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер аймақ және әлем  жаңалықтарына орын берген.

1233185
Түрік баспасөзіне шолу

Хүрриет газеті «Президент Ердоған Сараевода маңызды мәлімдеме жасады» деген хабарға орын берді. Газет Президент Режеп Тайып  Ердоғанның Босния-Герцоговинада жасаған мәлімдемесіне орын бергенін жазған. Газеттің хабарына қарағанда Ердоған баяндамасында «Еуропа Одағы елдері онға да жетпейтін босқын квоталарына келісе алмай отырғанда Түркия 4 миллионнан да көп босқынға құшақ жаюда» деді. Еуропа құрлығының барлығының қауіпсіздігіне Түркияның шексіз үлес қосқанын баяндаған Ердоған «Алайда осы қиын процесте еуропалық достарымыздан күткен көмекті және адамдық ұстанымды көре алмадық. Елімізге берілген көмек уәделері орындалмады.  6 миллиард евродан тек 2,5 миллиард евро берілді» деді.

Сабах газеті «Түркия әлемнің логистика базасы болуда» атты тақырып қолданды. Газет Азия мен Еуропа арасында жандана бастаған Заманауи Жібек Жолының тоғысқан түйінінде орын алған Түркияда Қытайдан Ұлыбританияға дейін жалғасқан темір жолы жобасы аясында 21 логистикалық орталық құрылатынын және  тоғызы тамамдалған орталықтар күніне 2 миллиард долларлық өнімнің тасымалдау базасы болатынын мәлімдеген.

Ватан газеті хабарын «Орталық Банкы электронды қызметті атқарады» деген тақырыбымен берді. Газет 11-ші даму жоспары бойынша кемелді бір қаржы секторының құрылуы үшін талпыныс жасағанын білдірді. Газеттің хабарына қарағанда  Орталық Банкы электронды қызметті атқарады.

Стар газеті «Түрік ғалымы тарапынан дамытылған адамның жүзін тану жүйесі Үлкен жиырмалық лидерлер саммитінде және БҰҰ-да қолданылды» атты хабарға орын берді. Газет түрік ғалымы доцент Сади Вурал тарапынан дамытылған адамның жүзін тану жүйесінің Аргентинада өткен жылы ұйымдастырылған Үлкен жиырмалық лидерлер саммитінде қолданылғанын баяндаған. Газеттің хабарына қарағанда түрік ғалымы тарапынан дамытылған адамның жүзін тану жүйесі Біріккен Ұлттар Ұйымының шекара қауіпсіздігі жұмыстарында да пайдаланылды.

Йени Шафак газеті «Көркемөнерден түскен кірістер босқындарға беріледі» деген тақырып қолданды. Газет Стамбулдың «Бірінші Халықаралық көркемөнер мәдениеттердің сәулесі» атты фестивальге үй иелігін жасағанын мәлімдеген. Газеттің хабарына қарағанда 25 елдің 250 өнерпазы қатысқан фестивальден түскен кірістер сириялық босқындарға беріледі.

 

 

 

 

 



Ұқсас жаңалықтар