Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер аймақтық және әлемдегі кейбір жаңалықтарға орын берген.

1226617
Түрік баспасөзіне шолу

Ватан газеті «Президент Ердоған: Жазықсыздарға ие шығуды жалғастырамыз» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда президент Режеп Тайып Ердоғанға Жапонияда Мукогава Әйел Университеті тарапынан құрметті доктор атағы берілді. Рәсімде сөз алған Ердоған «Қандай шарттар да болса да, Түркия ретінде этникалық куәлігіне, нанымына қарамастан жазықсыз адамдарға ие шығуды жалғастырмыз. Адамзаттың ұжданы боламыз» деді.

Сабах газеті «Ұлттық Қорғаныс министрі Акардан аса маңыздыF-35 ескертуі» атты хабар жариялаған.Хабарға қарағанда Ұлттық қорғаныс министрі Хулуси АкарАҚШ-тың Сирия арнайы өкілі Джеймс Джеффримен кездесуінің артынан осы елмен шыққан «F-35» соғыс ұшағы дағдарысы туралы «Екі жақты құрметтеу және достық ережесіне лайықты қозғалуды күтеміз. Осы тақырыпта болымды қадамдар басу үшін талпынамыз. Шешім табатынымызға сенімдімін. «F-35» соғыс ұшағынан Түркияны мақұрым қалдыруға тырысу НАТО-ның да қорғанысы мен бас тартқызу күшін әлсіретеді» деді.

Йени Шафак газеті «АҚШ-Қытай сауда соғысы түрік шиесі экспортының алдын ашуы мүмкін» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Қытайға экспорт жасау алдында ең үлкен кедергілердің басында «өнімнің 16 күн салқын ауада сақтау» шарты келетін. Осы шарттың жойылуымен Таяу Шығыс елдеріне жасалатын шие экспорты нарыққа тыныс алдырады.

Стар газеті «Стамбул әуежайы ‘Үздік әуежайы’ болуға үміткер» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Стамбул әуежайы «International Airport Review» журналы ұйымдастырған «Readers Choice 2019» сыйлықтарында «Үздік әуежайы» категориясына сайланған 10 әуежай арасына кірді.

 https://www.internationalairportreview.com/readers-choice-award-airport-of-the-year-2019/  интернет адресінен дауыс беруге мүмкіншілік бар.

Хүррийет газеті «2019 жылдың үздік ресторандары анықталды. Түркиядан 2 жер тізімге кірді» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда «The World’s 50 Best Restaurant» іс-шаралары аясында 2019 жылдың «Үздік ресторандары» сайланды. Тізімге Стамбулдағы 2 ресторан кірді.



Ұқсас жаңалықтар