Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер аймақ және әлем  жаңалықтарына орын берген.

1222443
Түрік баспасөзіне шолу

 

Хабар Түрік газеті «Президент Ердоған S-400 жайлы мәлімдеме жасады» деген хабарға орын берді. Газет президент Режеп Тайып Ердоғанның Түркиядағы халықаралық баспасөз ұйымдарының өкілдерімен Стамбул Долмабахче офисінде кездесіп, мәлімдеме жасағанына орын берді. Газеттің хабарына қарағанда Ердоған «S-400 әуе қорғаныс жүйесі тақырыбында Ресеймен келістік, сатып алдық. Алдымыздағы ай тапсырып басталады. АҚШ-тың санкция жасайтынын ойламаймын» деді.

Хүрриет газеті «Пекжан Ирак президенті Берхем Салихпен кездесті» атты тақырып қолданды. Газет«Түркия-Ирак Бизнес Форумына» қатысу және түрлі кездесу өткізу үшін Ирактың астанасы Бағдатқа барған Сауда министрі Рухсар Пекжанның  Ирак президенті Берхем Салих және премьер-министр Адиль Абдулмехтимен кездескенін жазды. Газеттің хабарына қарағанда министр Пекжанға Түркияның Бағдаттағы өкілетті және төтенше елшісі Фатих Йылдыз, Түркия-Ирак Парламенттер арасы достық тобы мүшесі депутаттары мен Түркия экспортшылар мәжілісі төрағасы Исмаил Гүлле серік болды. Кездесуде екі ел президенті тарапынан ортаға қойылған 20 миллиард долларлық сауда көлемі нысанасы аясында сауда қарым-қатынастары мен инвестицияларының арттырылу тақырыптары қолға алынды.

Ватан газеті  хабарын «Түркияда инфляция азаяды» деген тақырыбымен берді. Газет Халықаралық несие бағалау мекемесі Fitch Ratings-тің басқарушы директор Эдуард Паркердің «Түркияда инфляция азаюының алдымыздағы айларда басталуын күтудеміз» деген мәлімдеме жасағанын жеткізген.

 Сабах газеті «Явуз кемесі Жерорта теңізге қарай бет алды» атты хабарға орын берді.  Газет Шығыс Жерорта теңізде мұнай және табиғи газ іздеу жұмыстарын бастайтын «Явуз» атты бұрғылау кемесінің кеше Жерорта теңізге қарай бет алғанын мәлімдеген. Газет «Явуз» атты бұрғылау кемесін  Жерорта теңізге аттандыру рәсімінде сөз сөйлеген Энергия және табиғи ресурстар министрі Фатих Дөнмез «Әрі өз мүдделерімізді, әрі Солтүстік Кипр Түрік Республикасының мүдделерін қорғаймыз. Түркияның шешіміне ешкім кедергі жасай алмайды» деген сөздер қолданды.

Стар газеті «Roketsan-ның жасанды жер серігі көлігі алғаш рет шетелде танытылды» деген тақырып қолданды. Газет Зымыран өнеркәсібі және сауда фирмасының (Roketsan) жасанды жер серігі көлігінің  шетелде алғаш Францияның Париж жәрмеңкесінде көрсетілгенін жазған.

 

 

 



Ұқсас жаңалықтар