Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер аймақ және әлем  жаңалықтарына орын берген.

1221714
Түрік баспасөзіне шолу

Хүрриет газеті «Түркия БҰҰ-ның Кашыкчы рапортына қолдау көрсетті» деген хабарға орын берге. Газеттің хабарына қарағанда  Сыртқы істер Мәвлүт Чавушоғлұ БҰҰ-ның Адам құқығы кеңесінің арнайы репортері Аньглес Джалламардтың сауда текті журналист Джемал Кашыкчы қастандығының жарыққа шығарылуы үшін дайындаған рапортқа  қолдау көрсететінін білдірді.

Ватан газеті «Террор ұйымына тағы бір соққы жасалды» атты тақырып қолданды. Газет  Сыртқы істер министрлігінің Тунджели провинциясы жандармерия басқармасы топтарының жүргізген операцияларында 3 террористтің залалсыздандырылғанына орын берді. Газеттің хабарына қарағанда Ішкі істер министрлігі жасаған мәлімдемеде ішкі қауіпсіздік операциялары барысында Тунджели ауылдық аймағында операция жасалды.  Операцияда 3 террорист залалсыздандырылды.

Сабах газеті хабарын «Түрік әуе жолдарының түс ұшағының жаңа көріністері жарыққа шықты» деген тақырыбымен берді. Газет Түрік әуе жолдарының «түс ұшағы» деп аталған алғашқы  Boeing 787-9 Dreamliner-дің ішкі көріністерінің жарияланғанын жеткізген. Газет 25 маусым күні Стамбулда болатын ұшақ Түркияда алғашқы рейсін 8 шілде дүйсенбі күні Түркия сағаты бойынша 08.35-де Стамбулдан Анталияға жасайды.

Хабар Түрік газеті «Мармаристе крейсер туризмі» атты хабарға орын берді. Газет Малта туын асқан "Хоризон" атты жолаушы кемесінің көпшілігі испан 1460 жолаушы және 615 кісілік экипажымен Мармарис кемежайына келгенін баяндаған. Газеттің хабарына қарағанда Жолаушылар кедендегі тексерулерден кейін Мармарис базары, қамал іші және яхта кемежайларын тамашалады.Туристердің кейбіреулері кофелерде отырды, кейбіреулері сауда жасады.Ортажаның Далян және Уланың Акяка аймақтарына ұйымдастырылған турларға қатысқан жолаушылар Мармаристегі туристік өңірлерді аралады.

Стар газеті «Ресейде түрік кинофильм күндері басталды» деген тақырып қолданды. Газет Ресейдің астанасы Мәскеуде Юнус Эмре институты тарапынан ұйымдастырылған «Түрік кинофильм күндерінің» алдыңғы күні басталғаны баяндаған. Газеттің хабарына қарағанда  іс-шарада 7 фильм қойылады.

 

 



Ұқсас жаңалықтар