Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер аймақтық және әлемдегі кейбір жаңалықтарға орын берген.

1217023
Түрік баспасөзіне шолу

Стар газеті «Ресейден шұғыл мәлімдеме: Түркияға S-400 саудамызда өзгеріс болмайды» атты хабар жариялаған.Хабарға қарағанда Ресей Сыртқы істер министрі орынбасары Сергей Рябков жасаған мәлімдемеде АҚШ басқан қадамдарға қарсы Анкара мен Мәскеу арасында жасалған келісімге орай барлық жауапкершіліктер мерзімінде және кезкелген өзгеріс енгізбей орындалатынын білдірді.

Сабах газеті «Германиядан Түркияға мақтау» атты хабар жариялаған.Хабарға қарағанда Германия Экономика және энергия министрі орынбасары Томас Бареисс Түркия мен Германия арасында энергия, қатынас және туризм салаларында ынтымақтастық күшінің «керемет» деңгейде екенін атап көрсетті.

Ватан газеті «Стамбулда өндіріп, әлемге саттық» атты хабар жариялаған.Хабарға қарағанда экспортшылар қаңтар-мамыр кезеңінде текстилден дайын киімге, автокөліктен жеміс-жидекке, асыл тастан қорғаныс саласына дейін 27 бөлек салада Стамбулда өндірген 29,8 миллиард долларлық тауарды әлемнің 227 жеріне жеткізуде.

Хабертүрік газеті «Орыс туристтердің жазғы маусым таңдауы тағы Түркия» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда орыс туристтер жазғы демалыс үшін тағы Түркияны таңдады. Ағымдағы жылдың алғашқы 5 айында Түркияға келген орыс турист саны Эстонияның 1 миллион 300 мыңдық тұрғын санына ұласты. Лауазымдылар биыл 6 миллионнан астам орыс туристтің Түркияға келуін болжайды.

Хүррийет газеті «Мыңдаған адам келді! Үлкен кемелер аялдады...» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Айдынның Кушадасы ауданына аялдаған 4 круизден 4 мың 800 турист пен 2 мың 370 экипаж қалаға кірді. Кемелерден түскен кейбір американдық турист жолаушылар автобустармен Эфес пен Мариям Ана турына аттанды. Тур бағдарламасына қосылмаған туристтер болса аудан орталықтарына бағытталды.



Ұқсас жаңалықтар