Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер аймақтық және әлемдегі кейбір жаңалықтарға орын берген.

1210342
Түрік баспасөзіне шолу

Сабах газеті: Ердоған Стамбул жеңісі жолдамасы жариялады.

Президент Режеп Тайып Ердоған Стамбул жеңісінің 566 жылдығына орай жолдама жариялады. Стамбулдың 1453 жылғы жеңісінің бір ғасырды жауып, жаңа ғасыр ашқанын айтқан Ердоған жеңістің саяси, әлеуметтік және мәдени нәтижесінің әлем тарихын өзгерткенін және тарихтың ең керемет жеңістерінің бірі екенін атап көрсетті. Ердоған «Фатих Сұлтан Мехметтің мейірімді және әділ басшылығымен Стамбул әртүрлі наным мен мәдениеттер бірге өмір сүрген орталыққа айналды» деді.

Хабертүрік газеті: Түрік Қарулы күштерінен террористтерге қарсы ауқымды операция.

Түрік Қарулы күштері тарапынан Ирактың солтүстігінде бөлшектеуші террор ұйымы PKK мүшесі террористтер ұялаған орындарға бағыттап операция басталды. Құрлық күштері зеңбірек батареялары және Әуе күштері қолбасшылығына қарасты реактивті соғыс ұшақтарымен шабуыл бастады. Операцияға арнайы жасақтар да қатысты. «Пенче операциясы» Хакурк аймағында террор ұйымы паналаған үңгір және баспаналардың жойылуы және террористердің залалсыздандырылуын мақсат етеді.

Йени Шафак газеті: «Пенче операциясының Кандилге дейін жалғасу мүмкін».

Түрік Қарулы күштерінің Ирактың солтүстігіндегі Хакурк аймағына құрлық пен әуе күштерімен бастаған операциясы жалғасуда. Террор және Қауіпсіздік маманы Абдуллах Ағар арнайы жасақтар қатысқан осы операцияның орындаушы қабілетіне қарағанда «ұзақ мерзімді» болатынын білдірді. Ағар «Осы операция тек қана террористерді жою деген мағынаға келмейді. Аса маңызды бір кезеңде өте стратегиялық бір алаңды бақылауға алу деген мағынаға келеді. ‘Пенче операциясының’ Кандилге дейін жалғасу мүмкін» деді.

Ватан газеті: Қытай Түркияға инвестицияларын жалғастыруға шешім қабылдады.

Түркия мен Қытай арасында саяси қатынастардың жетілуімен бірге Қытайдан Түркияға инвестициялар артты. Энергия, инфрақұрылым, банк сияқты көптеген салада Түркияға инвестициялар жылдам жалғасуда. Жаңа инвестициялармен байланысты салаларды зерттеген Қытай Түркияға инвестиция салуды жалғастыратынын білдірді. Қытай Сыртқы істер министрлігінде Қытай мен Түркия қарым-қатынастарына жауапты бас директор орынбасары Qian Minjian қытайлық фирмалардың Түркияға инвестиция салатынын атап көрсетті.

Хүррийет газеті: Түркиядағы ең ірі 500 өнеркәсіп мекемесі анықталды.

Стамбул Өнеркәсіп палатасы «Түркияның 500 ірі Өнеркәсіп мекемесі зерттеуінің» 2018 жылғы қорытындысын жариялады. Осыған қарағанда Түркия Мұнай Өңдеу мекемесі «TÜPRAŞ» өндірістен саудаға 79 миллиард лирамен Түркияның ең үлкен өнеркәсіп мекемесі болды. Автокөлік өндірушісі Форд 31 миллиард лирамен екінші, Тойота болса 23,6 миллиард лирамен үшінші орын алды.



Ұқсас жаңалықтар