Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер аймақтық және әлемдегі кейбір жаңалықтарға орын берген.

1208908
Түрік баспасөзіне шолу

Сабах газеті «Министр Варанк отандық көліктің егжей-тегжейін түсіндірді» атты хабар жариялаған.Хабарға қарағанда Өнеркәсіп және технология министрі Мұстафа Варанк электр қуатымен жүретін отандық автокөліктің 2022 жылы нарыққа шығатынын атап көрсетті. Министр Варанк бағасы тұрғысынанжаһандық нарықпен бәсекелесу қабілетіне ие және 500 шақырым қашықтықты нысанаға алатындай бір көлікті жобалап жатқандарын атап көрсетті.

Хабар түрік газеті «Айт демалысы туризмге ықпал етті» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Анталия мен Муғладағы көптеген демалыс жайлар толды. Ораза айда брондаулар 10 пайызға ұласты. Шетелдік туристтер қызығушылық танытқан Батыс Жерорта теңізі мен Оңтүстік Эгей жағалауына келушілер теңіз, құм, тарихи орындар мен керемет табиғатта демалып қайтатын болады.

Хүррийет газеті «Сүмела монастырының ашылуы туризмді жандандырды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Трабзонның Мачка ауданы Алтындере алқабында орын алған Сүмела монастырының бірінші ауласына дейінгі бөлімінің қалпына келтіру жұмыстары аяқталып, Мәдениет және туризм министрінің орынбасары Надир Алпаслан тарапынан ашылды. Жөндеу жұмыстары себепті 2015 жыл 22 қыркүйек күнінен бері келушілердің аралауына жабық болған Сүмела монастырының ашылуы туризм операторлары мен кәсіпкерлерді қуандырды.

Йени Шафак газеті «Қытайда Түркияға үлкен қызығушылық» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Қытайдың бас қаласы Пекинде әлемге танымал көрмелердің бірі ретінде «21-ші Бақ/Ботаника EXPO» аясында жасалған танытулар Түркияға одан көп туристтің келуіне ықпал етті. Күніне 100 мың адам аралаған көрменің шоқ жұлдызы келушілер қатты назар аударған елдердің бірі ретінде Түркия болды.

Стар газеті «Евфрат қалқаны аймағына факультет ашылады» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Газиантеп Университеті Евфрат қалқаны мен Зәйтүн бұтағы операцияларымен террордан тазаланған Сирияның солтүстігіндегі қауіпсіз аймаққа факультет ашады. Университет ректоры профессор Али Гүр факультеттің бакалавр мен магистратурадан білім беру міндетін Газиантеп Университетінің мойынына алғанын, аймақтың білім алу тұрғысынан күн өткен сайын жақсарғанын атап көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар