Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер аймақ және әлем  жаңалықтарына орын берген.

1205029
Түрік баспасөзіне шолу

Стар газеті «Президент Режеп Тайып Ердоғанның S-500 әуе қорғаныс жүйелері ұсынысына Ресей жауап берді» деген хабарға орын берді. Газет президент Режеп Тайып Ердоғанның Ресеймен қазір жасалған S-400 әуе қорғаныс жүйелері келісімінен кейін S-500 әуе қорғаныс жүйелерін Ресеймен бірге өндіру жайлы сөздеріне орын берген. Газеттің хабарына қарағанда  орыс мамандары Ердоғанның сөздерін талқыға салып, осы салада ынтымақтастық жасаудың  мүмкін екенін айтты.

Сабах газеті «Стамбул әуежайы халықаралық жүлде алды» атты тақырып қолданды. Газет орталығы Америка Құрама Штаттарында болған саяхат журналы «Global Traveler» тарапынан Стамбул әуежайына бір жүлде берілгенін мәлімдеген. Газеттің хабарына қарағанда «Global Traveler» журналы жүлдені оқырманға жүргізген сауалнама арқылы белгіледі.

Йени Шафак газеті хабарын «Түркияның Батыс Жерорта теңізі аймағы 4 айда  62 миллион долларлық қызанақ экспорт етті» деген тақырыбымен берді. Газет Анталия, Ыспарта және Бурдур орын алған Батыс Жерорта теңіз экспортшылар одағының қаңтар-сәуір маусымында аймақтан 157 миллион 493 мың 977 долларлық жеміс-жидек пен көкөніс экспортының жасалғанын баяндаған. Газеттің хабарына қарағанда бұл санақтың 130 миллион 438 мың долларлық бөлімін көкөніс құрады. Анталия, Ыспарта және Бурдурдың алғашқы 4 айда  ең көп жеміс-жидек пен көкөніс экспорты Ресей мен Германияға жасалды. Ресейге экспорт 23 миллион 460  мың 208 доллар, Германияға болса 23 миллион 435 мың  861 доллар болды.

Хабар Түрік газеті «Туристік Шығыс Экспрестің  алғашқы сапарына аз уақыт қалды» атты тақырып қолданды. Газет Шығыс Экспресіне деген қызығушылықтың артуы үшін жасалған жұмыстар, жолаушылардың әлеуметтік медиадағы жарнамалары, демалыс көріністері және барлық саяхат фирмалармен жасалған ынтымақтастықтың арқасында аталмыш экспреске деген талаптың күн сайын артқанын жазған. Газеттің хабарына қарағанда Қатынас және инфрақұрылым министрі Жахит Турхан мен Мәдениет және туризм министрі Нури Аксой алғашқы сапарын жасайтын Туристік Шығыс Экспресін 29 мамырда Анкарадан Карсқа аттандырады.

Хүрриет газеті «Келгендер тағы да келгісі келеді. Әрі Еуропадан, әрі Азиядан туристтер келуде» деген хабарға орын берді. Газет Түркияның ең көп туристтер келген 10 жер арасында тарихи байлығы және табиғат сұлулығымен әйгілі Ыхлара ойпатының орын алғанын жеткізген. Газеттің хабарына қарағанда өткен жылы алдыңғы жылмен салыстырғанда Ыхлара ойпатына келген турист саны 19 пайыз артты және 501 мың 158 турист келді. 



Ұқсас жаңалықтар