Түрік баспасөзіне шолу

Бүінгі газеттер аймақтық және әлемдегі кейбір жаңалықтарға орын берген.

1185034
Түрік баспасөзіне шолу

Стар газеті «Швейцария медиасынан Стамбул әуежайына мақтау» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Швейцарияның маңызды газеттерінің бірі «Neue Zürcher Zeitung» тілшісі Биргит Войгт (Birgit Voigt) «Стамбул әуежайы сұқтандырады» тақырыпты мақаласында «Жаңа Стамбул әуежайы керемет. Әуежай шынында да мақтаулық жоғары сапада қызмет ұсынады. Жолаушы залы үлкен, әр жер жылтырайды» деді.

Сабах газеті «Құрылыс саласында қуантатын жаңалық» атты хабар жариялаған. Хабарда Түркия Құрылыс материалдары өнеркәсіпшілер қоғамы тарапынан ай сайын жарияланған рапортта, құрылыс саласының 12 ай бойынша әлсіреу кезеңі наурыз айында тоқтап, қайтадан өсе бастағаны атап көрсетілген. Жұмыс индексі наурыз айында алдынғы айдың бірдей кезеңімен салыстырғанда 2,1 ұпай артты. Осы мағлұматтарға қарағанда алдағы кезеңде өндіріс пен жұмыспен қамдаудың артуы күтіледі.

Йени шафак газеті «АҚШ-тың мұсылман әншіден түрік лирасына қолдау» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Түркияға көшкен соң түрік халқының сүйіктісіне айналған Делла Майлс (Della Miles) түрік лирасының беделінің көтерілу керектігін атап, концерт билеттерінің түрік лирасымен сатылуын талап етті. Түркия атынан Еуропада туризм саласы еріктісі ретінде өкілдік жасаған Майлс концерт билетін түрік лирасымен сату ұстанымын жалғастыратынын мәлімдеді.

Хабертүрік газеті «Сиваста Қызылчан көлі баршаны тамсандырады» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Сивастың Зара ауданына қарасты Джанова ауылындағы және көгілдір түсімен назар аударған табиғи көл келушілерді тәнті етуде. Бір төбеде шамамен 100 метр тереңдігіндегі «Вулкан» кратер шұңқырдағы көл, табиғат сүйер қауым мен фотосуретшілерді күтуде. Ауыл тұрғындары «Вулкан көлінің түбін ешкім көрмеген» дейді. Ауа райына қарай түсін өзгерткен көлде балықтар да өмір сүруде.

Хүррийет газеті «Түркияның ең жақсы сақталған ауылы: Адатепе» атты хабар жариялаған.Хабарға қарағанда Чанаккаленің Айваджык ауданына қарасты Күчүккуйуауданында шағын бір қорғау алаңы болған Адатепе ауылы Түркияның ең жақсы сақталған ауылы ретінде белгілі. Понти және түрік сәулеті үлгісінде салынған ғимараттар орналасқан Адатепе тыныштықтың жұмағы. Ескі тас үйлерімен келушілерді күткен Адатепеде бұрынғы диірмендер, зәйтүн өнімдері сату дүкендері мен зәйтүн өндірісі жайлы бір мұражай да орын алады.



Ұқсас жаңалықтар