Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер аймақтық және әлемдегі кейбір жаңалықтарға орын берген.

1179047
Түрік баспасөзіне шолу

Хүррийет газеті «Ибрахим Калыннан Нетаньяхуға наразылық» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда президенттік аппараттың баспасөз хатшысы Ибрахим Калын Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяхудың Батыс Шериядаға заңсыз тұрғын аймақтарын сайлаудың артынан Израиль жеріне қосатыны жайлы мәлімдемесіне наразылық көрсетті. Калын жеке твитер парақшасынан жасаған мәлімдемесінде «Осы мәлімдеме Нетаньяхудың басқыншылықты заңдастыру жұмысының бір мысалы. Қайтадан сайланған жағдайда демократия ма, әлде басқыншылық жеңіске жете ме?» деді.

Хабертүрік газеті «Таяу Шығыстық турист саны артты» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Түркияның ең көп турист барған жері Памуккале 2019 жылын жақсы бастап, алғашқы үш айдағы келушілер санын 25 пайыз мөлшерінде арттырды. Жыл бойынша 3 миллион турист күткен аймақ Таяу Шығыстық туристтерді қызықтыруда. Неміс пен орыс туристтердің болса алдағы уақытта келуі күтіледі.

Сабах газеті «33 сағатта аяқталды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда әлемнің ең үлкен әуежайына көшу операциясы үлкен логистикалық жеңіспен жүзеге асты. 45 сағатқа созылуы күтілген көшу 33 сағатта аяқталды. Түрік әуе жолдары (ТӘЖ) көшудің артынан жаңа үйінен алғашқы сапарын Анкараға жасады.

Стар газеті «Кішкентай Геркулес көрсетілімге кіреді» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда түрік спорт тарихына таңба қалдырған марқұм зілтемірші Наим Сүлейманоғлуның өмірін тақырып қылған «Кішкентай Геркулес Наим Сүлейманоғлу» атты фильм 25 қазан күні көрерменге ұсынылады. Қоюшы режиссерлігін Өзер Фейзиоғлу жасаған фильмнің қоюшы суретшісі Мартин Сзексанов, редакторы Мұстафа Прешева, композиторы Фахир Атакоғлу, бас продюсерлігін болса «Айла», «Мүслүм» және «Чичеро» фильмдерінің продюсері Мұстафа Услу жасайды.

Йени шафак газеті «Стамбул жартылай марафонына Кения таңбасын қалдырды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Стамбул жартылай марафонының жеңімпаздары анықталды. Еркектерде кениялық Бенард Негно 59 минут 56 секундтық дәрежемен чемпион болды.  Әйелдерде болса чемпион тағы кениялық спортшы аталды. Ruth Chepngetich 1 сағат 5 минут 30 секундтық дәрежесімен әйелдер категориясында чемпиондыққа қол жеткізді.



Ұқсас жаңалықтар