Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер аймақтық және әлемдегі жаңалықтарға орын берген.

1171594
Түрік баспасөзіне шолу

Стар «Ердоған: Кімнің жерін Израильге бересің?» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда президент Режеп Тайып Ердоған АҚШ президенті Дональд Трамптың Голан төбелерімен байланысты қол қойған қаулысын қатаң түрде сынға алып, «Кімнің жерін Израильге бересің! 1967 жылы қабылданған БҰҰ (BM9) қарары бар. БҰҰ қарарына қарағанда сол аймақ Сирияның жері. Осы қарарға қарамастан қалайша Голан төбелерін сен Израильге тарту етесің. Әрі Еуроодақ (ЕО), әрі Ислам Ынтымақтастық Ұйымы осы қаулыны қабылдамайды. Біздер мұны қабылдамаймыз, Ресей мен Қытай да мұны қабылдамайды. БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінен осындай бір шешімді шығаруыңыз мүмкін емес. Бұл қандай нәрсе? Біз қай әлемде өмір сүрудеміз?» деді.

Ватан газеті «Министр Мевлүт Чавушоғлу Голан төбелері тақырыбында Араб елдеріне наразылық көрсетті» атты хабар жариялаған.Хабарға қарағанда Сыртқы істер министрі Мевлүт ЧавушоғлуСирияның Голан төбелерімен байланысты АҚШ президентіДональд Трамп қол қойған қаулыға қатысты наразылық көрсетті. Чавушоғлу АҚШ президентінің Голан төбелерін 'басқыншы Израильдің жері' деп танып, қол қойған құжатына араб елдерінің үнсіз қарағанын, алғашқы наразылықты Түркияның көрсеткенін білдірді. Чавушоғлу «Еуроодақтың өзі наразылық көрсетіп жатқанда, кейбір араб елдері АҚШ пен Израильден қорыққаны себебі үнін шығара алмайды» деді.

Хабертүрік газеті «Үнді іскер Manpreet Singh: Түркияға инвестиция салудың дәл уақыты» атты хабар жариялаған.Хабарға қарағанда Үндістан Халықаралық сауда палатасы төрағасы Manpreet Singh еліндегі инвесторларға шақыру тастап, Түркияға инвестиция салудың дәл уақыты екенін түсіндірді.

Хүррийет газеті «2019 жылы турист саны 15 пайыз өседі» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Мәдениет және туризм министрі Мехмет Нури Эрсой 2019 жылы туризм маусымын бағалады. Келушілер санының 15 пайыз өсетінін болжаған министр Эрсой ерте брондаулардың артқанына назар аударды. Эрсой «Әсіресе жазғы демалыс орындарында осы көрсеткіштер одан да артуы мүмкін. Түркия 2019 жылы туризм маусымын ең керемет түрде өткізеді» деді.

Йени шафак газеті «Түркияның алтын өндірісінде 2023 жылғы нысанасы 50 тонна» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда энергия және табиғи ресурстар министрінің орынбасары Митхат Джансыз Түркияның 2000 жылға дейін алтын өндірмегенін атап, «Түркия алтын өндірісінде 33.5 тоннамен 2013 жылы шыңға көтерілді. Осы көрсеткіштер 2018 жылы 27.1 тонна деңгейіне шегерілді» деді.



Ұқсас жаңалықтар