Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер аймақ және әлем  жаңалықтарына орын берген.

1161678
Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер аймақ және әлем  жаңалықтарына орын берген.

Стар газеті «Кувейт халқы әлем лидерлері ішінде ең көп Президент Режеп Тайып Ердоғанды сүйеді» деген хабарға орын берген. Газет Америка Құрама Штаттары ой-пікір ұйымы «Вашингтон институты» тарапынан Кувейт халқы ішінде жүргізілген сауалнама нәтижесінде Президент Режеп Тайып Ердоғанның ең жақсы көрілген әлем лидері болып сайланғанын жазған. Газеттің хабарына қарағанда Кувейт «Alqabas» газеті сауалнама нәтижелерін «Кувейттіктер АҚШ Президенті Дональд Трампты ұнатпайды, Ердоғанды сүйеді» атты тақырыбымен берді.

Сабах газеті «Түркияның тарихын көрсететін  6 миллион кітап» атты тақырып қолданды. Газет Президент Режеп Тайып Ердоғанның 6 миллион кітап орын алатын Түркияның ең үлкен кітапханасы Стамбулдағы «Рами Кышласының» реставрация жұмыстарының жалғасып жатқанын айтқанын жеткізген. Газеттің хабарына қарағанда «Рами Кышласында» сонымен қатар мөлшермен 10 миллион кітап сиятын үлкен бір кітапхананың салынуы, ауласында болса көрме залдары және саяхат орындарының орын алуы жоспарлануда.

Хүрриет газеті хабарын «Харманкая сарқырамасы туристтерді күтуде» деген тақырыбымен берді. Газеттің хабарына қарағанда Дүзженің Жумайер ауданында бір сарқырамасының іске қосылғанын мәлімдеген. Мөлшермен екі жыл бұрын жарыққа шығарылған сарқырама Дүзже провинциясы мәдениет және туризм басқармасы тарапынан туризмге ашылды.

Йени Шафак газеті «Зевгма және Гөбеклитепе фигуралары әшекей бұйымдарға айналуда» атты хабарға орын берген. Газеттің хабарына қарағанда Түркияның әйгілі тарихи жәдігерлерден Газиантептегі Зевгма ежелгі қала және ЮНЕСКО Әлем мұра тізімінде орын алған Шанлыурфадағы Гөбеклитепенің фигуралары Газиантеп Кемелдендіру Институты тарапынан сәнді әшекей бұйымдарына айналдырылуда. Институттың зергерлік шеберханасында Зевгма мозайкалары және Гөбеклитепедегі тастардан табылған фигуралардан шабыттанып жасалған коллекциядағы әшекей бұйымдары әйелдердің саусақтарын, мойындарын және құлақтарын безендіреді. Әсіресе коллекцияда білезік, сырға, жүзік сынды сәнді бұйымдар орын алуда.

Хабар Түрік газеті «Жас таланттар сахнаға шығуда» деген тақырып қолданды. Газет Халықаралық жас таланттар музыка сайысына деген қызығушылықтың күн сайын артқанын мәлімдеген. Газет музыка саласында өзінің таланттарын ортаға қойғысы келген жастар ақысыз бұл сайысқа қатыса алады.

 

 



Ұқсас жаңалықтар