Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер аймақ және әлем  жаңалықтарына орын берген.

1157013
Түрік баспасөзіне шолу

Йени Шафак газеті «Ердоған террормен күресуге бел байлағанын айтты» деген хабарға орын берді. Газет Президент Режеп Тайып Ердоғанның Түркияның соңғы жылдарда террормен күресуде табысты нәтижелерге қол жеткізгенін айтқанын жазды. Газеттің хабарына қарағанда Зонгулдакта халыққа үн қатқан Ердоған мемлекет ішінде және шетелде бөлшектеуші террор ұйымдарына тыныс алдырмайтындарын баяндады. Террормен күресуде жергілікті қарулардың қолданғанын да түсіндірген Ердоған «Біз террормен күресуге бел байладық. Қайда барса барсын террористтерді қуалаймыз. Ұлтымның тыныштығын бұзғандарға бұл елде өмір сүру құқы берілмейді» деді.

Стар газеті «Түркия екі Корея арасындағы саммиттерге үй иелігін жасауына болады» атты тақырып қолданды. Газет Оңтүстік Кореяның астанасы Сеулдегі Ханкук Университеті түркология кафедрасы төрағасы профессор Чон Жин-Охтың сөздеріне орын берді. Газеттің хабарына қарағанда  Чон Жин-Ох Түркияның әрі Солтүстік Корея, әрі Оңтүстік Кореямен дипломатиялық қарым-қатынастарда екенін білдіріп, «Анкара және Стамбул екі Кореяның кездесулеріне үй иелік жасай алатын деңгейде» деді. Түркияның екі Корея арасында бірлестіруге бағытталған талпыныстарына болымды үлес қосатынын айтқан Чон «Түркияның Сеул өкілетті және төтенші елшісі сонымен қатар Солтүстік Кореяның да елшісі болып табылады. Бұл өте маңызды. Бұны халықаралық платформада күн тәртіпке әкелуіміз керек» деген сөздер қолданды.

Хабар Түрік газеті хабарын «Немістер Түркияда демалуды ұнатады» деген тақырыбымен берген. Газет Германия саяхат агенттіктері одағының санақтарына қарағанда өткен жылмен салыстырғанда Германиядан Түркияға саяхат жасау сұраныстар санының 58 пайыз артқанын мәлімдеген. Газеттің хабарына қарағанда артудың үлкен бір бөлімінің Анталияны қамтығанын айтқан Түркия қонақүйлер федерациясы төрағасы Осман Айык 58 пайыздық артудың туризм секторын қуанышқа бөлегенін  білдірді. Айык «Германия нарығында 2015 жылы қол жеткізген 5.6 миллион турист санына жетуін үміт етеміз» деді. Испания және Грекия сынды туризм елдерінде бағаның қымбат болуы еуропалық туристтердің Түркияны таңдауына себеп болуда.

Хүрриет газеті «Түркия егін өнімдерінде Еуропада бірінші орында» атты хабарға орын берді. Газет Ауылшаруашылық және орман министрі Бекир Пакдемирлинің Түркияның егін өнімдері тұрғысынан Еуропада бірінші, әлемде жетінші орында екенін білдіргенін жазған. Газеттің хабарына қарағанда Пакдемирли әлемде азық-түлік қажеттілігінің күн сайын артқанын, 25 жылдан кейін тіпті көп артатынын, сондай-ақ осы аяда Түркияда да егін өнімдерін арттыру үшін жұмыстар істегенін айтты.

Сабах газеті «Стамбул әуежайының жолаушы саны 300 мыңға жетті» деген тақырып қолданды. Газеттің хабарына қарағанда Стамбул әуежайында күнде жиыны 23 рейс жасаған Түрік әуе жолдары рейске ресми түрде басталған 2018 жылы 31 қазан күнінен осы таңға дейін жиыны 302 мың 215 жолаушыға қызмет көрсетті.

 



Ұқсас жаңалықтар