Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер аймақтық және әлемдегі кейбір жаңалықтарға орын берген.

1147347
Түрік баспасөзіне шолу

Хабер түрік газеті «Конгресс туризмінде бағыт – Түркия» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Стамбул халықаралық конгресс туризмінің орталығына айналды. Елде конгресс туризмі 2000 жылдардың басынан бастап жетілуде. Шамамен 10 жылда конгресс туризмі саласында Түркияның ең үлкен маркасы Стамбул болды. Қала мейрамханалардың сапасы және жоғары қызмет түсінігімен алға шығады. Тарихи, мәдени және табиғи сұлулықтарына қоса қонақүй, конгресс және іс-шара орталықтары, технологиялық инфрақұрылымы, Түркияны осы салада маңызды бір орын қылады.

Стар газеті «Түркия әртүрлі спекуляциялық дағдарыспен күресетін күшке ие» атты хабар жариялаған.Хабарға қарағанда «Hannover Fairs Turkey» көрмесі бас директоры Александр Кюхнел Түркияның керемет бір күшке және жас тұрғын санына ие екенін атап көрсетті. Кюхнел елінің текстиль, автокөлік және машина сияқты көптеген салада жақсы жағдайда екенін, осы салалардың Түркияның экспортына үлкен үлес қосқанын атап көрсетті. 10 жылдан бері Түркияда өмір сүргенін атап көрсеткен Кюхнел «Елдегі көрме алаңдары керемет сапада және өте тамаша дизайн етіле бастады» деді.

Сабах газеті «Мұрын эстетикалық операциясында түрік қолтаңбасы» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда доцент докторОзан Битик тарапынан жетілдірілген мұрын эстетикалық операция әдісі медицина терминіне қосылды. Түрік ғалымы жетілдірген «Kompozit spreader flebi» атты операция әдісі соңғы жылдары мұрын эстетикасы саласында әлемнің алдынғы қатарлы қызмет көрсетушілерінің біріне айналды. Жыл сайын мыңдаған науқас мұрын операциясы жасату үшін шетелден Түркияға келеді. Түрік ғалымының әдісі, ғылыми мақаласы, эстетикалық хирургия ғылымы саласында мамандығы, абыройлы және ықпалды ғылыми журнал «Aesthetic Surgery Journal»-да жарияланып, медициналық терминологияға енді.

Ватан газеті «Ісік емінде жетілдірілген отандық құрылғы экспортталады» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Түркия ісік емінде қолдану мақсатты «Thermospine» атты отандық және ұлттық медициналық құрылғы өндірді. Құрылғы арқылы науқастар енді  хирургиялық операцияға қажет қалмай микро элементтер әдісімен емделе алады. Әсіресе омыртқадағы ісіктерді емдеуде қолданылған «Thermospine» Еуроодақ елдеріне экспортталады. Отандық әдіс жабық түрде кезкелген түрде тілмей ісігі бар ұлпаны кішірейтіп, жоюды нысанаға алады.

Йени шафак газеті «Месут Өзил Жаужүрек Ертұғрыл студиясында» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Ұлыбритания премьер  лигасында Арсенал клубының футболшысы Месут Өзил TRT арналарында рейтинг рекорды жаңартқан «Жаужүрек Ертұғрыл» мен «Пайитахт Абдүлхамит» теле сериалдарын үздік қадағалайды. Танымал футболшы Месут Өзил «Жаужүрек Ертұғрыл» теле сериал студиясына барды. Өзил әлеуметтік медиа арқылы студияны аралап, «Керемет өткен студия тәжірибесі» тақырыбымен фотосуреттерін бөлісті.



Ұқсас жаңалықтар