Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер аймақтық және әлемдегі кейбір жаңалықтарға орын берген.

1134310
Түрік баспасөзіне шолу

Хүррийет газеті«Оқиғаның PKK тарапынан жасалғанын білеміз» атты хабар жариялаған.Хабарға қарағанда Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу сенбі күні Ирактың солтүстігінде Түрік қарулы күштеріне тиесілі әскери база аймағына бағыттап  бөлшектеуші террор ұйымы жасаған шабуылды жақыннан қадағалағандарын білдірді. Чавушоғлу кеше Анталияда жасаған мәлімдемеде «Иракта жаңа үкіметтің құрылуымен Солтүстік Ирак Күрд Әкімшілігіне қоса PKK-ға бағытталатын бастамалар да бар. Осы мазалайды. Жергілікті халықты арандатушы әрекеттер жасады. Оқиғаның PKK тарапынан жасалғанын анық білеміз» деді.

Хабер түрік газеті «ТҚК Азез бен Маре желісіндегі YPG нысаналарын жойды» атты хабар жариялаған.Хабарға қарағанда Азездің оңтүстігінде Маренің оңтүстік пен батысындағы аймақтарды басып алған YPG/PKK террор ұйымы мен Еркін Сирия армиясы арасында қақтығыс шықты. Қақтығыста Еркін Сирия армиясының бір жауынгері қаза тапты, 3 адам жарақат алды. Қақтығыстардың артынан Евфрат қалқаны операциясы аймағына қоныстанған Түрік қарулы күштері майдан желісінде YPG/PKK террор ұйымының қарулы бекіністерін 20-дан астам снарядпен атқылады. Гаубица шабуылы нәтижесінде ұйымның алдынғы қатарларындағы террористтер залалсыздандырылды.

Стар газеті «2,5 миллион адам брондау жасады» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда биыл шетелден келуші турист саны өседі. Тур операторлары платформасы мәлімдемешісі Джем Полатоғлу %50  жеңілдіктер жасалған брондауларда қазірге дейін 2,5 миллион адамнан сұраныс түскенін атап көрсетті. Шетелден жасалған брондауларға назар аударған Полатоғлу «Алдымен Ресейден брондаулар келді. Еуропа елдері арасында Германиядан маңызды мөлшерде сұраныс түскенін байқамыз. Негізінде қуантатын жағдай ағылшын туристтер 3 жылдың кейін қайтадан Бодрумға брондау жасай бастады. Басқа Еуроодақ елдерінен де сұраныстың артуын үміт етеміз» деді.

Йени шафак газеті «Көпірлер мен автожолдар секундына 58 лира табыс түсіруде» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда күніне орташа 1 миллион көлік өтетін көпір мен автожолдардан өткен жылы секундына 57,8 лира табыс түсті. Құрлық жолдары басқармасының мағлұматтарына қарағанда 2001-2018 жылдары арасында көпірлерден 2,5 миллиард, автожолдардан болса 3,4 миллиард көлік өтті.

Ватан газеті «Түрік қызыл жарты ай қоғамы рекорд жаңартты» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Ресейдің Мәскеу қаласына қарасты Одинцово ауданында өмір сүрген бір түрік текті Осман Делибаш атты жас қыз судың ішінде 1 сағат 4 минут тұрып, әлем рекордын жаңартты. Шешесі орыс, әкесі түрік болған 26 жасар Делибаш сондай-ақ орыс әскерінің мұзды суда шыдамдылығын арттыру үшін жаттықтыруда. Делибаштың рекорды Гиннесстің ресми парақшасынан жарияланды.



Ұқсас жаңалықтар