Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер аймақ және әлем  жаңалықтарына орын берген.

1130542
Түрік баспасөзіне шолу

Стар газеті «Президент Ердоған қайтарылатын жауаптың өте ауыр болатынын атап көрсетті» деген хабарға орын берген. Газет президент Режеп Тайып Ердоғанның Түркияны нысанаға алған кезкелген бір шабуылға қайтарылатын жауаптың өте ауыр болатынын атап көрсеткенін жазды. Газеттің хабарына қарағанда президент Ердоған Анкарада Түркия палаталар мен биржалар одағы (TOBB) Егіз мұнаралар конференция залында ұйымдастырылған Экономика Мәжілісінде сөз сөйледі. Ердоған баяндамасында террормен күресуге тоқталды. Ердоған «Біздің бірінші жоспарымыз шекара тысындағы террормен күресу болып табылады. Әрине бұл күрес оңай емес, бұдан кейін де оңай болмайды. Күресуімізді жалғастырамыз. ДАИШ-тен бастап YPG, PYD баршасына осының беделі ауыр болмақ. Сол үшін ешкім бізді мазаламасын. Біреулер саясатпен, біреулер майданда қарумен, біреулер үстелде дипломатия арқылы Түркияны қайтадан өз саналарында бұрынғыдай бар күшімен шектеуге тырысады. Дегенмен сол күндер артта қалды» деді.

Хабар Түрік газеті «Стамбулда өмір сүрудің бес себебінің бірі» атты тақырып қолданды. Газет әйгілі бизнес және экономика газеті Файнэншел Таймс газетінің 21 күнгі санында «Стамбулда өмір сүрудің бес себебінің бірі» деген хабарға орын бергенін жариялады. Газеттің хабарына қарағанда Стамбул әлемнің бір заманауи көркемөнер орталығы болып табылады. Қыркүйек айында француз куратор, жазушы және ғалым Никола Буало-Депреоның басшылығында Стамбулда «Жеті құрлық» атты бір іс-шара ұйымдастырылады. Бұл іс-шараға Түркия және барша әлемнен көптеген өнерпаздар  қатысады.

Хүрриет газеті хабарын «Стамбул әуежайының көшіру уақыты барша әлемге ресми түрде хабарланды» деген тақырыбымен берді. Газет «NOTAM» деп аталған авиациялық құлақтандыруымен Стамбул әуежайының көшіру уақытының барша әлемге хабарланғанын жеткізген. Газеттің хабарына қарағанда Стамбул әуежайының көшірілуі мерзімі 2019 жылы 1 наурыз күні сағат 03:00-де басталып, 2019 жылы 3 наурыз күні сағат 00:00-де аяқталады.

Йени Шафак газеті «Анталия 2019 жылына  туризм рекордымен кірді» атты хабарға орын берген. Газет Анталияға 2019 жылының алғашқы 20 күнінде келген шетелдік турист санының рекорд жаңалап, 100 мың саннан асқанын жазған. Газеттің хабарына қарағанда 2018 жылының бірдей кезеңімен салыстарғанда да 63 пайыз артты.

Сабах газеті «Түрік әуе жолдарының талпынысы» деген тақырып қолданған. Газеттің хабарына қарағанда  Америка Құрама Штаттарының ең үлкен спорт организациясы болған Америка Ұлттық Футбол Лигасы финал матчы (Super Bowl) 3 ақпанда Атлантада өткізіледі. Атлантаға тікелей рейстері болған Түрік әуе жолдары Super Bowl-да тағы бір рет жарнамасымен орын алады.

 

 



Ұқсас жаңалықтар