Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер аймақ және әлем  жаңалықтарына орын берген.

1122738
Түрік баспасөзіне шолу

Ватан газеті «Түркия шетелдік инвесторларды тартуда» деген хабарға орын берген. Газет президент Режеп Тайып Ердоғанның сатып алу күші жағынан Түркияның осы таңда әлемнің 13-ші үлкен экономикасына айналғанын айтқанын жазды. Газеттің хабарына қарағанда Ердоған «Түркияның өткен жылғы экспортты 168,1 миллиард долларға ұласты. Түркия халықаралық инвестиция тұрғысынан шетелдік инвесторларды тартуда. Өткен 16 жылда елімізге келген халықаралық инвестиция құны 201 миллиард доллардан асты» деді.

Йени Шафак газеті «Түркия және Ресейден Сирия дипломатиясы» атты тақырып қолданған. Газет Ұлттық қорғаныс министрі Хулуси Акардың Ресей қорғаныс министрі Сергей Шойгумен телефон арқылы сөйлескенін мәлімдеген. Газеттің хабарына қарағанда Ұлттық қорғаныс министрлігі Твиттер арқылы телефондағы әңгімелерге  байланысты мәлімдеме жасады. Екі ел қорғаныс министрлерінің телефондағы әңгімелеріне байланысты жасалған мәлімдемеде «Акар мен Шойгу телефондағы әңгімелерінде Сирияның Идлиб аймағындағы соңғы оқиғалар және аймақтық қауіпсіздік тақырыптарын қолға алды» деген сөздер қолданылды.

Стар газеті хабарын «АҚШ Сирияда кіммен ортақтық болатынын қайтадан ойластыруға мәжбүр» деген тақырыбымен берген. Газет АҚШ Ұлттық қорғаныс кеңесшісі Джон Болтонның Израильде жасаған баяндамасының жаңғырықтарының жалғасқанын жеткізген.  Газеттің хабарына қарағанда Террор және қауіпсіздік саласының маманы Абдуллах Агар «Болтон өте маңызды бір қателік жасады. Біздің осы тақырыпта жеңілдік жасауымыз мүмкін емес. Түркия мен АҚШ-тың Сирия тақырыбында  АҚШ-тың террор ұйымы PKK/YPG пен күрдтерді бірбірінен  ажырата білуі керек. Батыс әлемі егер PKK/YPG-мен қақтығыстарын жалғастыратын болса, онда қазіргі олқылық күн сайын үлкейеді» деді.  

Хабар Түрік газеті «Шетелдегі түрік алпауыт байлар саны 5 мың  779 арты» атты тақырып қолданды. Газет есеп шотында 1 миллион Түрік Лирасы немесе одан көп ақшасы болған байлар санының өткен жылының 11 айында 37 мың 340 артып, 176 мың 320-ға ұласқанын жазды. Газеттің хабарына қарағанда алпауыт байлардың банктегі жалпы ақша саны 2018 жылы қараша айынан бастап, 1  триллион 80 миллиард  73 миллионға жетті.

Сабах газеті «2030 жылының ең үлкен экономикасы белгілі болды. Түркия да тізімде орын алды» деген хабарға орын берген. Газеттің хабарына қарағанда  орталығы Ұлыбританияда болған банкі секторы және қаржы қызметтері фирмасы Standart Chartered PLC 2030 жылына келгенде экономикалық жақтан  әлемнің ең үлкен елдерін жариялады. Фирма тарапынан жасалған болжамда 2030 жылы әлемнің ең күшті 10 экономикасының жетеуінің осы таңдағы өскен нарықтар болады.  Тізімде Түркия бесінші орынды иелеп, Германия, Жапония және Ресей сынды үлкен экономикаларды артқа тастады.

 


Этикеттер: #АҚШ , #Ресей , #Сирия

Ұқсас жаңалықтар