Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер аймақтық және әлемдегі кейбір жаңалықтарға орын берген.

1120421
Түрік баспасөзіне шолу

Стар газеті «Әлемнің назары Ердоған мен Путин бас қосуына ауды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда президент Режеп Тайып Ердоған мен Владимир Путин 2019 жылдың алғашқы кездесуін ағымдағы айдың ішінде жүзеге асыруды жоспарлауда. Алдын ала қаңтар айында жүзеге асыру үшін жоспарланған Ердоған мен Путин басқосуында Сирия мәселесінен бастап, S-400 әуе қорғаныс жүйесі сатып алу, екі жақты және аймақтық тақырыптар жайлы маңызды шешімдердің қабылдануы күтіледі.

Йени шафак газеті «Манбиджтіктердің Түркиядан сұранысы: Бізді Асадқа қалдырмаңыз» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Америка Құрама Штаттары қолдау бергенбөлшектеуші террор ұйымы YPG/PKK және Башар Асад режимінің зұлымдығымен елді-мекендерін тастауға мәжбүр болған сириялықтар күткен Түркия дайындалған операцияға санаулы уақыт қалды. Сирияның көптеген аймағынан келіп, Түркияны паналаған босқындар «Башар Асад ойын ойнауда, Манбиджке Асад кіретін болса үлкен қырғын жасайды» дейді. Түркияны паналаған аймақ халқы еліне оралу үшін аймақтарының террордан тазалануын асыға күтуде.

Сабах газеті «Автомобиль саласынан Республика тарихының экспорт рекорды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда түрік автокөлік өнеркәсібі өткен жылы алдынғы жылмен салыстырғанда 11 пайыз артып, 31,6 миллиард долларлық экспортқа қол таңба қалдырды. Өткен жылды рекордпен аяқтаған автокөлік саласы жылдық тұрғыдан экспортта бірінен соң бірі 13-ші рет чемпион болды.

Хабер түрік газеті «Анкарадан Римге қарай рейстер қайтадан басталды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Түрік әуе жолдары (ТӘЖ), 60 жылдық үзілістің артынан алғаш рет бүгіннен бастап Түркияның бас қаласы Анкарадан Италияның астанасы Римге ұша бастады. Анкарадан қаңтар айында сондай-ақ Ұлыбритания мен Грузияның бас қаласына тікелей ұшады. ТӘЖ 9 қаңтар күні Ұлыбританияның бас қаласы Лондонға және 18 қаңтар күні Грузияның астанасы Тбилисиге тікелей ұшады.

Ватан газеті «Түрік футболшыға жоғары баға» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Трабзонспор футбол клубының 19 жасар футболшысы Абдүлкадир Өмүр ойнаған матчтармен техникалық жаттықтырушы Үнал Караманның жұлдыздарының біріне айналды. Еуропаның үлкен клубы өз құрамына қосу үшін келіссөздерді бастады. Ұлыбританияның Миррор агенттігінің хабарына қарағанда Ұлыбритания Премьер лигасында бірінші орынға көтерілген Liverpool клубы Абдүлкадир Өмүр үшін 27 миллион стерлинг ақша төлеуге дайын.



Ұқсас жаңалықтар