Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер аймақ және әлем  жаңалықтарына орын берген.

1118218
Түрік баспасөзіне шолу

Йени Шафак газеті «Министр Чавушоғлұ Грекияға ескерту жасады» деген хабарға орын берген. Газет Сыртқы істер министрі Чавушоғлұның «Эгейде заңсыз әрекеттерге рұқсат бермейміз» дегенін жеткізген. Газеттің хабарына қарағанда Чавушоғлұ Эгей тарапында және Шығыс Жерорта теңізінде Түркияның мүдделерін жалғасты қорғайтындарын білдіріп, «Эгейде заңсыз әрекеттерге рұқсат бермейміз» деді. Грекияға да ескерту жасаған Чавушоғлұ «Ерке балаларыңызға ие шығыңдар. Өйтпеген жағдайда біздің қауіпсіздік күштері танауын тартады» деді.

Сабах газеті «Телефондар тынбауда. Он мыңдаған адам түрік азаматы болғысы келеді» атты тақырып қолданған. Газет Түркияның азаматтық заңындағы қажетті инвестиция көлемінің азайтылуынан осы таңға дейін 100 миллион долларлық инвестицияны және 250-ден астам адамның азаматтық өтінішін қабылдағанын жариялады. Газеттің хабарына қарағанда 2019 жылы түрік азаматтығына өтініш санының тіпті көп болуы күтілуде. Әсіресе ағылшындардың азаматтық үшін өтініш бергендері білдірілуде.  

Хабар Түрік газеті хабарын «Түрік әуе жолдары екі күнде 300 мың жолаушыны тасымалдады» деген тақырыбымен берген. Газет жаңа жылды Түркияда өткізген жергілікті және шетелдік туристтердің саяхаттарын Түрік әуе жолдарының қамтамасыз еткенін және екі күнде 300 мың жолаушыны тасымалдағанын жариялаған. Газеттің хабарына қарағанда  Түрік әуе жолдары бас директоры Билал Екши рейстердің дәл уақытында ұшуының 93 пайызға жеткенін айтты.

Ватан газеті «Түркиядағы көгілдір байрақты пляж саны көбейді» атты хабарға орын берген. Газеттің хабарына қарағанда Түркиядағы көгілдір байрақты пляж саны әр жылы көбейіп, 2018 жылы  459-ға ұласқан.

Стар «Түрік іскерлері Америка ұлттық авиация және ғарыш зерттеу орталығы NASA-мен келісті» деген тақырып қолданған. Газеттің хабарына қарағанда Халықаралық ғарыш стансасына жүк тасымалдау үшін екі түрік тарапынан басқарылған  және Sierra Nevada Corporation  фирмасы тарапынан дамытылған «Dream Chaser» ғарыш көлігі NASA-мен жасалған келісім арқылы соңғы өндіру сатысына өтуде.

 

 

 

 

 


Этикеттер: #Грекия , #Эгей , #Америка

Ұқсас жаңалықтар