Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер аймақ және әлем  жаңалықтарына орын берген.

1113077
Түрік баспасөзіне шолу

Хүрриет газеті «Ердоған күрдтерді террорлық ұйымның қолына тастамаймыз деді» атты  тақырып қолданған. Газет президент Режеп Тайып Ердоғанның Бештепедегі Ұлт конгресс және мәдениет орталығында маңызды мәлімдеме жасағанын хабарлаған. Евфраттың шығысына бағытталатын операция дайындықтарына байланысты мәлімдеме жасаған Ердоған «Сирия күрдтерін бөлшектеуші террорлық ұйым YPG/PKK-ның зұлымдығына тастамаймыз. Сирияда арабтардың, күрдтердің мәселесін өз мәселеміз ретінде қараудамыз. Сирияда проблема --еркіндік проблемасы. Сирияның территория тұтастығы проблемасы» деді.

Сабах газеті «Сыртқы істер министрі Чавушоғлұ маңызды мәлімдеме жасады» деген хабарға орын берген. Газет Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяхудың бөлшектеуші террор ұйымы YPG/PKK сынды балалардың қанішері  екенін айтты. Газеттің хабарына қарағанда Чавушоғлу мәлімдемесінде «Жерге құлаған адамдарды аяғымен тепкен басқыншы тергеуге алынған екен. Жағалаулардағы балаларға бомба тастаған, замандас дүниенің ұждансыз қанішері Нетаньяху болса мыңдаған палестиналық құрбанның өлтірілуінің жауапкері. Түркия шындықтарды ортаға шығарудан кері қадам баспайды» деді.

Йени Шафак газеті хабарын «Операцияларында 12 террорист залалсыздандырылды» атты тақырыбымен берді. Газеттің хабарына қарағанда соңғы бір аптада жүргізілген ішкі қауіпсіздік операцияларында 12 террорист залалсыздандырылды. Ішкі істер министрлігінің мәлімдемесі бойынша 17-25 желтоқсан күндері аралығында 2 мың 442 операция жүргізілген. Осы операциялар барысында залалсыздандырылған террористтер арасында бұрыннан іздеу салынған Аднан Сав да бар.

Стар газеті «Террор әрекеттеріне қарсы мұнай және табиғи газ құбыр желістері отандық ұшқышсыз әуе көлігі тарапынан бақыланады» деген тақырып қолданған. Газет мұнай және табиғи газ құбыр желістері жаңа дамытылған интеграция қауіпсіздік жүйесімен қорғалатынын жазған.

Хабар Түрік газеті «Ағылшындардың сұраныстары артуда» атты хабарға орын берген. Газет ағылшындардың Мугланың Мармарис ауданына деген сұраныстың 2019 жылы үшін 35 арту болғаны білдірілді. Газеттің хабарына қарағанда Түркия саяхат одағы Маммарис аймағы басшысы Суат Есин ағылшындардың Мармариске деген қызығушылығына қуанғанын айтты.

 

 



Ұқсас жаңалықтар