Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер аймақ және әлем  жаңалықтарына орын берген.

1111063
Түрік баспасөзіне шолу

Хүрриет газеті «Ердоған басатын көптеген ортақ қадамдарымыз бар деді» атты хабарға орын берген Газет президент Режеп Тайып Ердоған мен Иран президенті Хасан Руханидің кеше президенттік сарайында кездескеннен кейін ортақ баспасөз жиналысы өткізгенін жазған. Газеттің хабарына қарағанда Ердоған ресми сапармен Анкараға келген Иран елбасы Хасан Руханимен президенттік сарайда «Түркия-Иран Жоғары деңгейлі ынтымақтастық кеңесі жиналысының бесіншісіне» төрағалық жасады. Ердоған баспасөз жиналысында айтқан сөзінде «Аймағымыздағы қақтығыстарды тоқтату, бейбітшілікті тұрақтандыру үшін Түркия мен иран басатын көптеген қадам бар» деді.

Йени Шафак газеті «Түркияның күн тәртібінде Манбидж және Евфраттың шығысы бар» деген тақырып қолданған. Газет Ұлттық Қорғаныс министрі Хулуси Акардың Сирияда Евфрат өзенінің шығысын басып алып, орлар мен туннелдер қазған бөлшектеуші террор ұйымы YPG/PKK мүшесі террористердің өздері қазған орларға көметіндерін атап көрсеткеніне назар аударды. Газеттің хабарына қарағанда Акар Катар Ұлттық күніне орай ұйымдастырылған рәсімдерге қатысу мақсатты барған Дохада жасаған мәлімдемесінде «Қазір алдымызда Манбидж және Евфраттың шығысы бар. Осы тақырып жөнінде жұмыс істеудеміз» деді.

Сабах газеті хабарын «Ұлттық зымыран Бора нысанға тигізді» атты тақырыбымен берген. Газет Ұлттық зымыран Бораның тест атуларының бейне көріністерінің жарияланғанын жеткізген. Газеттің хабарына қарағанда текст  көріністерін Ұлттық қорғаныс министрі Исмаил Демир бөлісті. Демир жасаған мәлімдемесінде «Бора зымыранымыз 280 километр қашықтықтағы нысаналарға тигізуде» деген сөздер қолданды.

Хабар Түрік газеті «Туристтер Түркия, Куба және АҚШ-ты таңдады» деген тақырып қолданған. Газеттің хабарына қарағанда Ұлыбританияда шығатын Таймс газеті Ұлыбританияның Еуроодақтан шығу дау-дамайынан кейін туристтердің жазғы маусымдағы демалыстары үшін Түркия, Куба және Америка Құрама Штаттарының таңдағанын жазған. Хабарға қарағанда Түркия және Африкаға саяхат сұраныстары 50 пайыз шамасында артты.

Сабах газеті «Изник ЮНЕСКО Дүниежүзілік мұралар тізіміне енуі мүмкін» атты хабарға орын берген. Газет Германия Мәдениет министрлігінде міндет атқарған археологтардың Изникте зерттеу жүргізгенін жариялаған. Газеттің хабарына қарағанда Изник ЮНЕСКО Дүниежүзілік мұралар тізіміне енуі мүмкін.

 


Этикеттер: #Иран , #АҚШ , #Куба

Ұқсас жаңалықтар