Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер Түркия жайлы аймақтық және әлемдегі кейбір жаңалықтарға орын берген.

1110554
Түрік баспасөзіне шолу

Ватан газеті «Министр Сойлу жариялады: Биыл 374 террор шабуылының алдын алдық» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Ішкі істер министрі Сүлейман Сойлу 2018 жылы 347 террор шабуылының алдын алынғанын мәлімдеді. Сойлу кеше Анкараның Қызылджыхамам ауданында бір қонақ үйде жүзеге асқан «Террормен күрес бөлімшелері директорларының бағалау және анализ жиналысының» ашылу рәсіміне қатысты. Осында айтқан сөзінде Сойлу «Бөлшектеуші террор ұйымы PKK-ға қосылу е төменгі деңгейде. Фетуллахшы террор ұйымының (FETÖ) барлық байланыс желілері «ByLock»  жүйесінен карточкалық телефон жүйесіне дейін әшкереленді. Өткен жылы барлығы 697 террор шабуылы жүзеге аспай тұрғанда алды алынды» деді.

Сабах газеті «Түркия табиғи газ сауда орталығына айналады» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Энергия нарықтарын реттеу мекемесі төрағасы Мұстафа Йылмаз Түркияның табиғи газ сауда орталығы болуы үшін жұмыстарын жалғастырғандарын атап, «Энергетика биржамызда іске қосылды. Қысқа мерзімде 3 Еуроодақ елінен (Португалия, Румыния және Болгария) одан көп саудаға тақырып болды, болашақ үміт артады» деді.

Стар газеті «Түркия отандық ұшақтар үшін ұлттық сертификаттау жүйесіқұрады» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Түркия отандық тікұшақ, соғыс ұшағы және пилотсыз ұшу аппараттары үшін ұлттық сертификаттау жүйесі құрады. Түркия Әскери авиация ұйымы жобасы Ұлттық Қорғаныс министрлігіне ұсынылды. Түркия «тәуелсіз лицензия және сертификаттауға ие болмағандықтан F-35 ұшақтары үшін өндірген жүздеген бөлшекті АҚШ-тық Lockheed Martin маркасымен сертификаттауда. Осы бағыныштылық өндірілген бөлшектердің 3-ші елдерге саудасын қиындатуда.

Хабертүрік газеті «Түркиядан Еуропаға 1,4 миллиард ұйық экспортталды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда жылдың алғашқы 10 айлық мерзімінде экспорттаған 1,4 миллиард ұйықтан 898,8 миллион доллар табыс түсірді. Ұйықтар кезегімен Ұлыбритания, Германия, Франция, Голландия және Испания сияқты Еуроодақ елдеріне экспортталды.

Хүррийет газеті «Кілемді керуенсарай туристтердің фото студиясына айналды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Невшехирдің Гөреме ауданында жөндеуден өткізіліп, кілем дүкені болып ашылған 450 жылдық бұрынғы керуенсарай туристтердің мекеніне айналды. Дуалдары мен жер толығымен қолдан тоқыма кілемдермен қапталған керуенсарай әлеуметтік парақшаларда фотосурет бөліскісі келгендердің таңдаған орындары арасында. Түркияның маңызды туризм орталықтарының бірі Каппадокия аймағына келушілер аралаған дүкенде әрі Анадолы ою-өрнектерімен әшекейленген кілемдер сатып алады, әрі түрлі-түсті, әртүрлі оюмен тоқыған кілемдердің ішінде фотосуреттерге түседі.



Ұқсас жаңалықтар