Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер Түркия жайлы аймақтық және әлемдегі кейбір жаңалықтарға орын берген.

1103756
Түрік баспасөзіне шолу

Стар газеті «Түркия авиация саласының айналымы 110 миллиард лираға ұласты» атты хабар жариялаған.Хабарға қарағанда 2003 жылы 3 миллиард доллар болған авиация саласының айналымы110 миллиард лираға ұласты. Әуежолы қатынасы Түркиядағы экономикалық жағдай, ілгерілеген технология мен артып отырған бәсекелестік арқасында жылдам жетіліп, авиация саласымен салыстырғанда орташа 3 есе өсті. Авиация саласының жолаушы саны тұрғысынан әлемде 10-шы, Еуропада 4-ші орын алған Түркияда 2003 жылынан бері авиация фирмаларының ұшақ саны 220 пайыз, орындық саны 254 пайыз, жүк тасымалдау күші 449 пайыз артты. Ел іші мен шетелге ұшатын жерлер саны 351-ге ұласты.

Йени шафак газеті «Түрік технологиясы АҚШ пен Еуропаның қауіпсіздігіне үміткер» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда түрік инженерлерінің жаңалығы күзету велосипедінің «Ekin Bike Patrol»-дың жаңа нұсқауы АҚШ-та,болып өтетін таныту алдында Өнімділік пен Технология көрмесінде танытылды. «Ekin Bike Patrol» жылжу үсінде көлік номерлерін анықтау, аялдау және жылдамдықты анықтайды. Тұрақты жүйелер мен моторлы көліктердің бақылай алмайтын салаларда болса күдікті көліктерді де тексереді.

Хүррийет газеті «Газипашада өндіріліп, әлемге экспортталады» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Анталияның Газипаша ауданында биыл алғаш рет Ресей, Грузия және Украинаға авокадо экспорттала басталды. Ауданда барлығы 1700 гектарлық авокадо бағында жылына орташа 850 тонна өнім жиналады.

Хабертүрік газеті «Ливанда түрік фильм апталығы үлкен қызығушылықпен басталды» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Түркияның Бейрут өкілетті елшісі Хакан Чакыл қонақтарға қысқаша үн қатып, Түрік фильмдері жайлы мағлұмат берді. Осында көрсетілетін 4 фильмнің бірі ретінде Айлаға да арнайы назар аударған Чакыл нағыз өмірден алынған бір хикая ретінде Айланың міндетті түрде тамашалану керектігін ұсынды.

Сабах газеті «Алжирде түрік теле сериалы самалы» атты хабар жариялаған. Хабарға қарағанда Араб елдерінде соңғы жылдары қызығушылық танытылған түрік теле сериалдары алжирліктерді тәнті етуде. Бір кездері Мексика, Бразилия және Мысыр теле сериалдарының самалы ескен алжирліктер қазір түрік теле сериалдарына қызығуда. Алжирдің көптеген телеканалында «Жаужүрек Ертұғрыл», «Сен Анлат Қаратеңіз» (Сен айтып бер Қаратеңіз) сияқты теле сериалдар кең тараған.



Ұқсас жаңалықтар