Түрік баспасөзіне шолу

Бүгінгі газеттер аймақ және әлем  жаңалықтарына орын берген.

1097912
Түрік баспасөзіне шолу

Йени Шафак газеті «Бинали Йылдырым Азияны қайтадан адам баласының үмітіне айналдыруға болады деді» атты хабарға орын берген. Газеттің хабарына қарағанда  Стамбулда Азия Парламенттер Ассамблеясында сөз сөйлеген Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі төрағасы Бинали Йылдырым Османлының тарих сахнасынан өшірілуімен бірге Орташығыста империализмнің ойран салғанын, сондай-ақ Орташығыста бейбітшілік,  тыныштық және бауырластықтың жоғалғанын айтты. Қақтығыстардың ешкімге пайдасының тимейтінін түсіндірген Йылдырым «Азияны қайтадан адам баласының үмітіне айналдыруға болады» деді. Йылдырым мәселелерді шешу үшін депутаттардың атсалысулары керектігін атап өтті.

Хүрриет газеті «Türksat 6A-ның дизайн сатысы аяқталуға аз қалды» деген тақырып қолданған. Газет Қатынас және инфрақұрылым министрі Жахит Турханның «Türksat 6A-ның дизайн сатысы аяқталуға аз қалды. Мемлекетіміздің коммуникация жер серігін өндіре алатын 10 ел қатарында орын иелеуін қамтамасыз ететін жобаның 2020 жылы тамамдалуын жоспарлаудамыз» деген сөздеріне орын берді. Газеттің хабарына қарағанда 2020 және 2021 жылдары ғарышқа жіберілетін екі жер серігі арқылы Türksat 6A-ның қамтылатын алаңы мен сапасы арттырылады.

Стар газеті хабарын «Ұшқышсыз әуе көлігі ANKA-ға қызығушылық артуда» атты тақырыбымен берген. Газет Түркия авиация және ғарыш өнеркәсібі TUSAŞ-тың әуе платформасында Пәкістанға T129 ATAK соғыс және барлау тікұшақтары экспортымен қол жеткізген табысына ANKA-ны да қосуды көздегенін мәлімдеген. Газеттің хабарына қарағанда TUSAŞ Пәкістанның Карачи қаласында ұйымдастырылған 10. IDEAS Халықаралық қорғаныс жәрмеңкесі және семинарына ATAK, ұшқышсыз әуе көлігі Anka-S, Hürkuş-тың қарулы жабдығы Hürkuş-C, T625 жалпы мақсатты тікұшақтары, Ұлттық соғыс ұшағы және Türksat 6A макеттерімен қатысып, өнімдерін танытты.

Хабар Түрік газеті «Жаңа нысана 70 миллион турист» деген хабарға орын берген. Газет Түркияның әлемде ең көп турист келген 6-шы ел екенін жазған. Газеттің хабарына қарағанда 2018 жылының аяғында Түркияға  мемлекет бойынша 44 миллион турист және  Анталияға 13,5 миллион туристтің келуі межеленуде. Нысана 2023 жылы Түркия үшін 70 миллион турист, Анталия үшін де 20 миллион шетелдік турист санына жету.

Сабах газеті «Түркиядағы бір ауылдан Катар сарайына жібек кілем жіберілді» атты тақырып қолданған. Газеттің хабарына қарағанда Бурса жібегімен 4 жылдан бері түріктің дәстүрлі техникасымен ауылда тоқылған «Би билеген қыз» атты жібек кілемі Катардағы корольдық сарайын безендіруде.

 



Ұқсас жаңалықтар